№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛДІГІМІЗДІҢ НЫШАНЫ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛДІГІМІЗДІҢ НЫШАНЫ


Мемлекеттік рәміздер бұл кез келген елдің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін нышандарының бірі. Бүгін мен болашақ арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Сондықтан әрбір Қазақстан азаматы үшін мемлекеттік рәміздер қастерлі.


Туған жерге деген мақтаныш пен сүйіспеншілік мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады. Мемлекеттік Елтаңбаның авторларының бірі Жандарбек Мәлібеков бірде «Елтаңба, Ту, Әнұран әрбір ресми және бейресми іс-шарада болуы тиіс. Сонда ғана біздің мемлекеттік рәміздер өскелең ұрпақ арасында кеңінен таралады» деген еді.
– Мемлекеттік рәміздерге құрмет оны қалай құрметтеуді білуден бастау алуы қажет. Әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарда жеңіске жеткен спортшыларымыздың қуа­ныш үстінде мемлекеттік туымызды жоғары көтеріп, алаңды бір айналып шыққанының өзі кәдімгідей патриоттық сезімімізді оятады.
Осы ретте әркім Әнұранды жатқа білген жөн. Рәміздердің бейнелік мағыналары туралы мағұлматтарды білу әрбір азаматтың парызы деп есептеймін.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының орта­сында сәулелі күн, астында қалықтап ұшқан қыран, тіпті сабының тұсындағы ұлттық өрнектің өзіндік мән-мағынасы бар. Мемлекеттік Елтаңбадағы шаңырақтың, оның оң жағы мен сол жағындағы аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі, жоғарғы бөлігінде орналасқан бес бұрышты көлемді жұлдыздың, төменгі бөлігінде ойып жазылған «Қазақстан» деген жазудың өзі кеудеңе мақтаныш сезімін себезгілейді.
Осындай құндылықтарды дәріптеуге, құрметтеуге Жаңақорған агро-колледжінде көп көңіл бөлінеді. Бұл белгілер тәрбиенің бастауы сынды. Біршама шаралардың тақырыбына да арқау етіп келеміз. Әр аптаның алғашқы күні сабағымыз Әнұраннан басталады. Еліміздің қасиетті құндылығы саналатын рәміздерді насихаттау мақсатында тәрбие сағаттары мен сынып сағаттары да өткізіліп отырады. Оны жай күндері де дәріптеп отыру әдетке айналған. Рәміздер күніне орай тәрбиелік бағытта арнайы іс-шаралар да бекітілген.
Аталған іс-шаралар, игі істер ұрпақтың бойына Отанға деген адалдықтың бір белгісі саналатын Мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұтуға баулиды.
Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тә­уелсіздікке қол жеткізген мем­лекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамызбен және кез кел­геннің паттриоттық рухын көтеретін Мем­ле­кеттік Әнұранымызбен мақтанамыз!

Гүлжан Алтыбаева,
Жаңақорған аграрлы-техникалық
колледж заңгері

04 маусым 2024 ж. 188 0