Соңғы жаңалықтар

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МеМлекеттік рәміздер күні аталып өтті

МеМлекеттік рәміздер күні аталып өтті



Мемлекеттік нышандар қай кезде де мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі саналады. Елдің елдігін,
мемлекеттің мәртебесін көтеретін рәміздер халықтың рухы мен айбынын айқындаумен қатар мемлекеттің әлемдік
өркениет көшіндегі орны мен деңгейін белгілейді. Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Елтаңба – тәуелсіздіктің тірегі,
бабалардың асқақ арманы мен асыл мұраты.

4-маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай, орталық алаңда өткен «Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы» атты
мерекелік шараны аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов ашып, аудан жұртшылығын құттықтады.
– Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші, халықтың рухын көтеретін
ұлы құндылығымыз. Мемлекеттік рәміздерде ұлттық арман-мақсатымыз толығымен көрініс
тапқан. Оның өн бойында жерлесіміз, қоғам қайраткері Жандарбек Мәлібековтың де қолтаңбасы бары біз үшін зор мақтаныш. Мемлекеттік
рәміздерде айшықталған асқақ құндылығымызға әрқашан адалдық танытып, еліміздің дамуына еселі еңбек ете берейік, –
деді аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы.
Иә, елдік пен азаттықтың нышаны саналатын рәміздерге айрықша құрмет көрсету әрбір қазақстандықтың
қасиетті борышы. Мемлекеттік символымызды ұлықтайтын салтанатты шараға зиялы қауым, үкіметтік емес ұйым өкілдері,
барлық салалық мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, белсенді жастар мен кент тұрғындары қатысты.
Салтанатты шараға қатысушылармен бірге, бір мезетте Республика бойынша сағат 10.00-де Мемлекеттік Гимн орындалды.
Осы күні Мемлекеттік қызметке жаңадан келген екі азамат салатанатты түрде ант берді.
Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің айшықты нышаны болып табылатын Рәміздерімізді насихаттау мақсатында
«Желбіре, көк байрағым» ұранымен аттылы шабандоздар, автовело шерушілер орталық алаңнан сап түзеп Манап
Көкенов, Аманкелді Иманов көшелері арқылы «Қорасан – ата», «Тәуелсіздік» даңғылымен 5 шақырым аралықты жүріп өтті.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттың әдет-ғұрпын, тарихи салт-санасын, арман-тілегін білдіретін құндылық.
Бүгінде мәртебелі жиындар мен абыройлы спорттық аламандарда көк Туымыз көтеріліп, Әнұран
шырқалғанда ерекше шабыттанамыз. Мақтанамыз. Мерейленеміз. Ал, қастерлі
Елтаңба ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухты асқақтатып, шаңырақтың беріктігін,
елдің қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап тұр.
Иә, бүгінгі шараның мазмұны мен маңызы осында. Жастарды елжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу. Мәні мен мағынасы
терең мерекелік кештің соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Жаңақорған
аспанын патриоттық бағыттағы әуелеген әнмен тербеді. Мемлекеттік рәміздеріміздің тұғыры берік, болашағымыз
жарқын болсын!

Әсел Рзаева

12 маусым 2023 ж. 191 0