№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ


Аудан әкімі Руслан Рүстемұлымен бекітілген 4 маусым - Мемлекеттік Рәміздер күнін атап өтудің жұмыс жоспарына сәйкес, бүгін Мемлекеттік Рәміздерді ұлықтауға арналған бірқатар шаралар ұйымдастырылды.


Жастар марафоны. Аудандық ішкі саясат бөлімі жанындағы жастар ресурстық орталығы және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен "Көк тудың желбірегені" атты аудандағы белсенді ерікті жастар мен республикалық спорт сайыстарында жеңімпаз атанған жас спортшылардың марафоны өтті. Жастар марафоны Орталық стадионнан бастау алып, Б. Байкенжеев-А. Нақипов-А. Иманов көшелерімен Орталық алаңдағы Рәміздер аллеясына дейін жалғасты.

Мерекелік құттықтау. Аудан әкімі Руслан Рүстемұлы Орталық алаңдағы Рәміздер аллеясында белсенді ардагерлер мен ҮЕҰ жетекшілері, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары мен қызметкерлері, аудан әкімі жанындағы Мемлекеттік Рәміздер жөніндегі комиссия мүшелері және ерікті жастар өкілдерінің қатысуымен өткен атаулы шарада 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтап, Мемлекеттік рәміздерді қолдану мен пайдалану ережелерін сақтауда үлгі көрсетіп жүрген бірқатар қызметкерлерін Алғыс хатымен марапаттады.
Жас мемлекеттік қызметшілер ант қабылдап, мерекелік шара патриоттық әндермен ұласты.

Мемлекттік Рәміздер күнін атап өту барлық ауылдық округтерде, барлық мекемелерде жалғасын табады.
04 маусым 2021 ж. 652 0