Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлеуметтік қызметкер алғыс арқалайтын арда мамандық

Әлеуметтік қызметкер алғыс арқалайтын арда мамандық

 Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік жолды таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Әсіресе адам ағзасын емдеп, қайта қалпына келтіруде терапия бөліміндегі медицина мамандарының қызметі ерен. Соның ішінде науқастың айығуына мейірбикелер жауапкершілік танытады. Мейірбике – науқастың саулығына дәрігермен бірдей жауапкершілікпен қарайтын денсаулық жанашырының бірі. Дәрігер емінің нәтижелі болуы медбикенің ем-домды уақытылы көрсетіп, өз міндетін жауапкершілікпен атқаруына тікелей байланысты екені анық. Осы орайда, ақ халаттылардың айнымас серігіне айналып, науқастардың дертіне дауа дарытуға атсалысып жүрген денсаулық сақшысының бірі ретінде Ашимова Құрбанкүл  Азимханқызының еңбегін ерекше атауға болады.

Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын Құрбанкүл Азимханқызы әріптестірінің арасында беделі биік. Ол «Түркістан медицина колледжінде» «Медбике ісі мамандығын оқып диплом алған.  2004 жылдан бастап Жаңақорған аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде мейірбике болып 17 жыл еңбек етіп, бүгінде Жаңақорған аудандық емханаға аға әлеуметтік қызметкер болып еңбек етіп келеді.  Медбикенің жұмысы қызық әрі қиын. Себебі ауруханада дәрігердің науқасқа тағайындаған емін жүргізу мейірбикеге жүктеледі. Сонымен қатар халыққа бәрін алдын ала түсіндіру, аурухана тазалығы мен жұмысын бақылау да міндетіне кіреді. Ауырып еміне шипа іздей келген жанның дәрісін уақытылы ішуін қоса қадағалайды.
– Ақ қалатты абзал жандар үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Біздің мойнымызда үлкен жауапкершілік бар. Ол халық денсаулығы үшін міндетті адал атқару. Менің бұл салада жүргеніме 20 жылдан асты. Осы жылдар ішінде тәжірибемді толықтырып, медицина саласының қыр-сырын меңгеріп келемін. Туған жерге қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе, бақыт деуге болады. Менің жұмысым мүгедеутерді ай сайынғы медициналық тексерілуін  және оңалту орталықтарына баруын қадағалап отырамын. Яғни әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларына қолдау көрсету жолында еңбек етіп келемін – дейді білікті маман.
Медбикенің жұмысына ең қажет нәрсе өз ісіне деген адалдық және науқастарға мейіріммен қарау. Ең абзал қызмет иелерінің «мейірбеке» деп аталуы сондықтан болар. Мамандықтың ішінде ең абыройлы да қасиеттісін таңдап, науқасты бай-кедей деп бөлмей, бәріне бірдей көзқараста болып, отбасы мен жұмысын қатар алып жүрген кейіпкеріміз өз ойымен бөлісті.
– 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2022 жылғы 15 наурыз №25 бұйрық бойынша Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап моделі бойынша пилоттық бағдарламаенгізілді. Міне, осы бағытта жұмыс жасап келеміз, – деді.
Зерделесек әлемдегі медицина қызметкерлерінің жартысынан көбі мейірбикелер екен. Соған сай мейірбикелердің денсаулық сақтау саласындағы қызметінің маңызы да зор. Өйткені емдеу ісінде біздің қызметіміз өте маңызды, жауапты, сондай-ақ асқан төзімділікті талап етеді. Олар адам денсаулығына қауіп төндіретін эпидемия, пандемиямен күресте де алдыңғы қатарда тұрады. Пациенттермен бірінші болып қарым-қатынас жасайтын емхана қызметкерлері екені анық. Бір сөбен айтқанда, мейірбикелер – медицина саласының ең үлкен әскері. Міне, осы салада қызметте жүрген жоғары санатты мейірбикенің бір күндік қызмет тіршілігі осындай қарбалас, халыққа табанды қызмет өтуде.
Науқасқа ең бірінші көрсетілер көмек – мейірім. Жаны, тәні ауырған жан дәрігер мен медбикелердің жылы сөзіне, қамқорлығына мұқтаж болады. «Мейірбике» деп аты айтып тұрғандай, мейірімді, ізетті болған дұрыс. Әрбір берген дәріні «ем болсын» деп табыстап, науқасқа күлімдеп тұрып, көмек көрсетіп, еммен ғана емес, сөзбен де шуақ сыйлай білу – нағыз кәсіби медбикенің міндеті. Осындай ұстанымды өмірлік қызметте алға қойған кейіпкеріміздің медбикелік болмысы көпке үлгі. Міне, Құрбанкүл  Азимханқызы кейіпкер ретінде таңдап алғанымыздың себебі де осында…

Әсел РЗАЕВА
29 сәуір 2024 ж. 120 0