Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мейірбике мәртебелі мамандық

Мейірбике мәртебелі мамандық

Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік жолды таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Әсіресе адам ағзасын емдеп, қайта қалпына келтіруде реаблитация бөліміндегі медицина мамандарының қызметі ерен. Соның ішінде науқастың айығуына мейірбикелер жауапкершілік танытады. Осындай міндетті абыроймен атқарып жүрген Любовь Петованы кейіпкер еттік.
Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын Любовь Асхатқызының әріптестірінің арасында беделі биік. Ол Өзбекстанның Янгиюл қаласында дүниеге келді. Отбасылық жағдайымен Жаңақорғанға қоныс аударды.
Осында №169 мектепті бітіріп, Қызылорда қаласындағы медициналық колледжіне оқуға түседі. Аудан медицинасының дамуына үлес қосуды мақсат тұтқан ол алғашқы еңбек жолын 1986 жылы аудандық аурухананың хирургия бөлімінде бастайды.
– Еңбек жолымды білікті маман Сұлтанбек Әлходжаевтың қол астында бастадым. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, үнемі білгенін үйретуден жалықпайтын. Осындай білімді дәрігермен уақыттың ерте-кешіне қарамай алдымызға келген әр науқастың сауығына тілекші болдық. Одан кейін бөлім меңгеруші қызметін Ғалым Есетов қолына алды. Ол кісімен де адам жанын ұғынуға, дертіне шипа іздеуде еш аянып қалмадық. Өйткені біздің міндет науқастың өз-өзіне сенімін арттырып, құлан таза айығуына үлес қосу, – дейді аға мейірбеке.
Мамандықтың ішінде ең абыройлы да қасиеттісін таңдап, науқасты бай-кедей деп бөлмей, бәріне бірдей көзқараста болып, отбасы мен жұмысын қатар алып жүрген әріптесі жайында қайта оңалту бөлімінің меңгерушісі Ақерке Ғалымжанқызы өз ойымен бөлісті.
– Реаблитация бөлімі науқастарға екінші өмір сыйлап жататынын біреу білсе, біреу білмес. Қиындығы мен қуанышы қатар жүретін медицинаның ең жауапты саласы. Емделушіге дәрі-дәрмек пайдаланбай, ағзаны емдеп, массаж, электрофорез, емдік гимнастика кезінде дұрыс және белгілі бір бағытта жаттығу курстарынан өтуге, лазерлік және электро нейростимуляция аппараттары арқылы ағзаны қалпына келтіруде көмек қолын созып жұмыс істеудің өзіндік жауапкершілігі бар. Осы жұмыстың іске асуын аға мейірбеке Люба Петова атқарады. Біздің бөлімге ауысып келгеніне 7-8 ай болса да 35 жылдық тәжірибесінің арқасында кез келген науқастың тілін тауып, көңіліне дем беріп жүреді, – деді Ақерке Дайрабаева.
Бұл бөлімде дәрігер тағайындаған барлық қажетті ем шаралары дер кезінде орындалуы міндет. Тіпті ауруханадан шыққаннан кейін де аталған жаттығу жұмыстарымен айналыспаса, қалпына келтіру үдерісі ұзаққа созылуы мүмкін…
Аты жөнін атамауды сұраған емделуші: «Күйбең тіршілікпен жүріп, жүрек ауруымды асқындырып алыппын. Шүкір, реаблитация бөліміндегі дәрігерлердің арқасында ем-дом қонып, жағдайым дұрысталды», деді.
Бастысы, мамандығын сүйген кейіпкеріміз, тоғыз немересіне әжелік ақыл-кеңесін айтып, әулетінің ұйытқысына айналды. Міне, Любовь Петованы кейіпкер ретінде таңдап алғанымыздың себебі де осында…
Лаура БИБАСАРОВА
07 қараша 2021 ж. 676 0