№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еңбегің жансын, Жанар!

Еңбегің жансын, Жанар!


Мейірбике – науқастың саулығына тікелей жауапты, науқас пен дәрігер арасындағы дәнекер тұлға. Дәрігер емінің нәтижелі болуы мейірбикенің міндетін мейілінше ұқыпты атқаруына тікелей байланысты. Осы орайда, дәрігерлердің айнымас серігіне айналып, науқастың дертіне дауа дарытуға дамылсыз еңбек етіп жүрген саулық сақшысының бірі – Жанар Ақбаеваның орны бөлек.


Түркістан медициналық коллед­жін тәмамдаған соң аудандық аурухананың жансақтау бөліміне анестезист-медбике болып орналас­қанына он бір жыл өтіпті. Наркоз­ға және тыныс алуға арнал­ған құрылғылар­ды, инфузион және транс­фузион­ға арналған заттарды дайындап, операциядан кейінгі науқастарды күтіп, анестезиолог дәрігердің қасында шыңдалып жүр.
– Жалпы, медицина саласының барлығы күрделі. Өйткені адам өміріне жауапты мамандық. Жан сақтау бөлімі тіптен күрделі. Науқастарға наркоз беріп отаға дайындаймыз, отадан кейін науқастың қалыпқа келуін бақылаймыз. Отаға түспей-ақ түрлі жағдайдағы аурулар ау­ыр жағдайда келіп жатады. Олар­ды бақылаудың жауапкершілігі үл­кен. Түрлі науқаспен жұмыс жасай­тын болғандықтан, қызметкерлерге, ең бастысы, ептілік, мейірімділік, жана­шырлық қажет, – дейді Жанар Серікқызы.
Жас болса да жауапты маман­дықты арқалаған Жанардың ептілігі мен еңбекқорлығына ұжымы да дән риза. Оны бөлім меңгерушісімен әңгіме барысында аңғардық.
– Жанар ісіне ұқыпты маман. Қандай жұмыс тапсырсаң да тиянақты орындайды. Науқастарға жаны ашып, мейірімін төгіп, олардың сауығуы жолында еріндей еңбек етеді. Дәрігер ретінде жас маманның ісіне көңілім толады, – дейді бөлім меңгерушісі Нұрлан Сопбеков.
Иә, бір күнде әртүрлі диагнозбен түсетін ауыр халдегі науқастар­ды қабылдайтын жансақтау бөлімі қызметкерлерінің еңбегі қашанда еленуге лайық. Ал, осындай қайнаған ортада нәтжелі жұмысымен көзге түсіп, алдыңғы буынның алғысын арқалаған жас маманның қажырлы қайраты қатарластарына үлгі болары сөзсіз.

Айсұлу АЛДАНАЗАР

30 наурыз 2024 ж. 243 0