№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ер дәулеті – еңбек

Ер дәулеті – еңбек


Ерді еңбек есейтеді. Қоғамдық құндылықтар адам еңбегінің нәтижесі. Әрбір адам Отан алдындағы борышын адал еңбегімен атқаруымен құнды. Еңбегімен ер сыйлы. Біздің күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде еңбек адамының орны ерекше. Солардың ұшан-теңіз еңбегінің арқасында қоғам түрленіп гүлденеді, несібе-ырысы артады.

Осындай еңбек адамы санатын­да бүгінгі кейіпкеріміз – Бибасар Ілесбайұлы 1964 жылы Ақүйік ау­ылдық кеңесінде дүниеге келіпті. 1971 жылы Қыркеңсе ауылындағы орта мектепке барып, 1981 жылы жақсы бітіріп шығады. Сол жылы Шымкент қаласындағы ауылшаруашылық жо­ғарғы оқу орнына түсіп, оны 1987 жылы агроном мамандығы бойын­ша тамамдайды. Мамандығына сай Қыркеңсе ауылындағы орталық қырманда лаборатория меңгерушісі болып еңбек жолын бастайды. Жұмыс барысында сатылай өсіп қырман меңгерушісі, аға агроном қызметтерін атқарады. 1994 жылдары кеңшар тарап жеке кәсіпкерлікке бет бұрады.
«Ілесбай» шаруа қожалығын ашып егін егумен айналысады. Күріш, бидай, жоңышқа дақылдарын өсіріп-өндіруді қолға алады. Бұл істе алған білімі, еңбек тәжірибесі өзінің жемісін беріп отырды. Жыл сайын егілген егіннен жоғарғы көрсеткіштерге қол артты. Күріштен 50, бидайдан 25, жоңышқадан 35 центнерден жоғары өнім алып межеленген жоспардан артық көрсеткіштерге жетіп жүрді. Еңбектің наны тәтті. Білікті маман, мықты кәсіпкер, іскер басшы Бибасар Ілесбайұлы адал азамат ретінде де көпшіл, қоғамшыл. Қолы қысқа жандарға қол ұшын созуды өзіне парыз санайды. Ағайын арасында да беделді, сөзі өтімді. Бір мысал: Өткен жылы ата-жұрты Қосүйеңкіде­гі қорымда жатқан бабаларының басына кейінгі ұрпаққа белгі ретін­де Ботбай-ата кесенесін тұрғызуға бастамашы болып, басқаларға үлгі бола білді. Бұл Бибасар ініміздің көп істерінің бірі ғана. «Алтын алма, алғыс ал» – дейді аталарымыз. Қаншама қарапайым халықтың ал­ғысын алып жүрген Бибасар нағыз еңбек адамы, құрметті азамат. 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы, жарасымды жанұя.
Алпысты алқымдаған, еңбектен тартынбаған Бибасар Ілесбайұлы Жантелінің алар биіктері алда. Көктемнің бір күні жылға азық. Бибасар бастаған ұжым диқандары көктемгі егіс егу жұмыстарына құлшына кірісіп кеткен. Бірнеше отбасын жұмыспен қамтып отырған «Ілесбай» шаруа қожалығының көрсеткіштері жыл сайын еселеніп өсе бермек.

Қалмұрат Мұсабекұлы,
Қосүйеңкі ауылы

28 маусым 2024 ж. 402 0