» » » Еңбек адамы марапат төрінде

Еңбек адамы марапат төрінде

Бүгін М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде Отбасы күніне орай өткен “Өнегелі отбасы - қоғам байлығы" атты мерекелік шарада Машбек ауылының тумасы еңбек адамы Әлімхан Құрбанбекұлы мен ардагер ұстаз Шәркүл Көлжанқызына құрмет көрсетілді.

Әлімхан Құрбанбекұлы 1948 жылы М.Нәлібаев ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1966 жылы Задарья совхозы механизатор болып бастап күріш бригадирі, күріш бригадаларының бөлімше меңгерушісі жумыстарын атқарған. «Қаратау» шаруа қожалығын құрып күріш егумен айналысқан, бүгінгі таңда ортаншы ұлы айналысып отыр. Жұбайы Көлжанова Шәркул 1950 жылы Төменарық ауылында дүниеге келген. 25 жыл ұстаздың қызмет атқарған Шәркүл анамыз 1995 жылы зейнетке шыққан. 53 жыл отасқан құтты шаңырақтан 5 бала тәрбиеленіп шыққан, 19 немере, 2 шөберені өсіріп келеді. Ата-ананың сеніміне селкеу түсірмей, үмітін ақтаған перзенттерінің қай-қайсы да – өз алдына өнегелі отбасы.
15 қыркүйек 2023 ж. 663 0