№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өмірге іңкәр жүрекпен

Өмірге іңкәр жүрекпен



Өзінің жүрек қалауымен таңдаған мамандығына адал жандар «...Ыстық қайрат,
нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген Абайдың өнегесін шырақ етіп ұстауымен өзгеге үлгі. Жаңақорған аудандық
сотында жүргізуші болып еңбек етіп, зейнетке шыққан Дәулет Пірманов осындай жандардың қатарынан саналады.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтары адамның еңбегімен жасалады. Демек, қарапайым еңбек адамы кез келген қиындықты өз еңбегінің арқасында ғана еңсере алатыны сөзсіз» деп еңбектің адам өміріндегі маңызын терең тәмсілдеген болатын.
Қаршадайынан еңбекке араласып, қиындықтарды қажырлы талабымен жеңе білген біздің кейіпкеріміз елгезектік пен тұрақтылықты жанына серік еткен жан. Ол осы жылдар аралығында үш сот төрағасымен қызметтес болған екен.
– «Ер еңбегімен сыйлы» демей ме? Әр азамат отбасының жауапкершілігін өз мойнына алуы
керек. Сонда ол отбасында береке болады. Жас кезімнен темір-терсекке үйір болдым. Техниканың тілін түсініп, көлік тізгіндегенді жаным
қалады. Содан болса керек, шаршау мен шалдығуды білмей, жұмыстың жеңіл – ауырлығына қарамай ұзақ
жылдар бойы жүргізуші болып еңбек еттім. Иә, әр істің өзіндік қиындығы болады. Оның үстіне, заң және құқық қорғау мекемесінде
қызмет атқарған кім болсын, оның өзіндік табиғатына көндігуіне, сөйтіп қызметінен мін жібермеуге тырысуы керек-ақ. Жұмыс уақытынан
тыс төтенше іс-сапар, басқа да жағдайларда қызметтік көлік сақадай-сай тұруы тиіс. Сондай сәттерде шыдамдылық, сабырлық
танытуға тура келеді. Оңай жерде нан жоқ қой. Еңбекпен тапқан нан әрқашанда тәтті, – деп ағынан
жарылды ол.
Айта кетейік, кейіпкеріміз жұбайы екеуі бір ұл, бір қызды тәрбиелеп, 11 немере сүйіп отырған ардақты ата. Ең бастысы өз кәсібіне сүйіспеншілікпен қараған адам құрметке қол жеткізеді. Әсіресе, қазіргі бәсекелестік өрістеген шақта еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мәртебесі төмендеген емес. Зейнетке шықса да қоғам өмірінен қол үзбей, өскелең ұрпаққа өсиетін айтып отырар осындай
ағаларымыз аман болсын! Өткен өмірінен өнеге теріп отырған ардақты азамат ұрпақтарының адал,
еңбегінің жемісті, жалқаулықтан алыс, жақсылыққа жақын болуын тілейді.

                                                                                                                                                      Әсел Рзаева
22 қараша 2023 ж. 438 0