Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар ел ертеңі, үкілі үміті

Жастар ел ертеңі, үкілі үміті


Соңғы жылдары жастардың әлеуетін көтеру, болашағына бағдар беріп, жол сілтеуге бағытталған бағдарламалардың саны көбейді. Қандай сала болсын жастарға демеу болу үшін түрлі жобалар жүзеге асуда. Әсіресе кәсіпкерлік саласына көбірек көңіл бөлініп, грант беру, төмен пайызбен берілетін несие және өзге де жеңілдіктер қарастырылуда. Сол секілді жасөспірімдердің де спорт, өнер, ғылым бағытына ден қойып, жетістікке жетуге әлеуметтік қолдау аз емес. Бірақ осындай қолдау бола тұра қоғамда жастар мен жас өскіндердің бұзақылығы, тәртіпсіздігі тұралап тұр. Біздің ауданда бұл күн тәртібіндегі мәселеге айналды. Өткен апта соңында аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің биылғы алғашқы отырысы өтті.


Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Жас­тар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың есебі. Жұмыссыз жастар қата­рындағы орта және жоғары, кәсіптік білімі бар түлектерді тұрақты жұмысқа орналастыруға ықпал ету мақсатында атқарылған жұмыстар. Үшінші, жұмыссыз жастар мен олардың бос уақытын тиімді өткізуде атқарылған жұмыстар мен өткізілген шаралардың есебі. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов жүргізіп, мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
– Президент: Жастарға жол сілтеп, бағыт-бағдар беруіміз керек, олардың тұрақты кәсіп табуына көмектесуіміз қажет. Қазір жұмыспен қамтуға бағытталған бірнеше бағдарлама бар. Бірақ жастар­дың көбі сол шаралар туралы білмейді. Мемлекет ұсынып отырған түрлі қолдау жұмыстарынан хабарсыз. Бұл мәселе тек жалаң үгіт-насихатпен шешілмейді. Үкімет пен әкімдер жастарды жұмыспен қамту мәселесімен арнайы айналысып, күнделікті назарда ұстауы қажет деп тапсырма берді. Жастардың бүгіні – біздің болашағымыздың баспалдағы. Олар – мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін, тәуелсіздігімізді баянды ететін ұрпақ. Сондықтан жастар кеңесінің негізгі міндеті де жастарымыздың бағыт-бағда­рын саралап, түзілген жоспарларымыздың нәтижелі болуына қол жеткізу, – деді Бектас Балғабайұлы.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орын­басары Нұрлыбек Қордабаев мәлімдеме жасады. Баяндамада 2023 жылы атқарыл­ған жұмыстар баяндалды. 2023 жылы кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың 4 дерегі орын алып, оның ішінде суицидтің 2 дерегі тіркелген. Одан бөлек, қаншама істер де­рек болып тіркеліп, ата-аналар айыппұл арқалады. Айта берсек, тәртіпсіздік аз емес, бұл ата-аналардың тәрбиесіне жүре қара­ған жасөспірімдердің ісі. Кәсіпкерлердің де тәртіпсіздігі жазасыз қалмайды. Ал, құқық қорғаушылар тиісінше жұмыстарын жүргізіп келеді. Бекітілген іс-шаралар, жиналыстар мен дөңгелек үстелдер жиі өткізілуде.
– 2024 жылдың қаңтар айында күнділікті рейдтік іс шаралар барысында барлығы 30 азаматқа әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127 бабыны 3-бөлігімен ата-аналық міндетін тиісінше орындамағаны бойынша 2 азаматқа әкімшілік шара көріліп, іс аудандық сотқа жолданды. ӘҚБтК-нің 442 бабының 2 бөлігімен 28 азаматқа түнгі мезгілде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қоғамдық орында жүргені бойынша әкімшілік шара көрілді. Жасы кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу бағытында ата-аналарға және колледжде құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дәрістер оқылып, құқықтық көмек пен консультация интернет желісі арқылы ұйымдастырылды. Ақпан айында күнділікті рейдтік іс шаралар барысында барлығы 62 азаматқа әкімшілік іс қозғалды. Сол кодексінің 127 бабыны 3-бөлігімен ата-аналық міндетін тиісінше орындамағаны бойынша 4 азаматқа, ӘҚБтК-нің 442 бабының 2 бөлігімен 54 азамат­қа әкімшілік шара көрілді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132 бабының 1-бөлігімен 1 азаматқа шара көріліп, айыппұл салынса, сол ойынсауық мекемесінде анықталған 1 жасөспірімнің ата-анасына шара көрілді. Қоғамдық орында коммуналдық қалдық тастап, қоғамдық орынды ластағаны үшін 1 кәмелетке толмағанға айыппұл салынды, – деді Нұрлыбек Құбанәліұлы.
Біздегі тағы бір мәселе, топтық тө­белес тыйылмай тұр. Салдарынан бала денсаулығына ауыр зиян да келуде. Бұл да назардан тыс қалмайтын тақырып. Келесі жұмыссыз жастарға байланысты хабарламаны аудандық «Мансап орталығы» КММ-нің директоры Жаңабек Тұрлыбе­ков жасады. Жоғары айтқандай, гранттар және жұмысқа қабылдау бойынша жауап­ты мекеменің қызметі жауапкершілікті талап етеді.
– Мемлекеттік бағдарламалар арқылы талай жас тірлігін түзеп, тұрақты жұмыс орындарына қабылдануда. Мәселен, 2024 жылға арналған Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 38 жобаға 455 адамды тұрақты жұмыспен қамту белгіленген болса, оның ішінде 60 пайызы жастардың үлесін­де. Жалпы жастар арасында жұмыссыз­дық деңгейі 4,5 пайызға төмендеген. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жұмыс орнын» құру тапсырмасына сәйкес, ауданда 165 жұмыс орны ашылған болатын. Ал «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытуға өткен жылы 899 адамнан жастар үлесі 450 немесе 50 пайызды толық құрады.
Ауданда «Мансап» орталығы арқы­лы тұрақты түрде бос жұмыс орындары­ның жәрмеңкесі өткізіліп келеді. Тиісінше, 2023 жылы 10 рет бос жұмыс орындар жәр­мең­кесі ұйымдастырылды. Онда 128 жұмыс берушіден 410 бос жұмыс орны ұсынылды. Бос жұмыс орындары жәрмең­кесіне қатысқан 560 жұмыссыз азамат­тың 55-і тұрақты, ал 29 адам уақыт­ша жұмысқа орналастырылды. Жалпы аталмыш жәрмеңке арқылы жұмыспен қамтылғандардың 38,7 пайызы жастардың үлесінде, – деді Жаңабек Оразбекұлы.
Бұл мекеменің қызметі жастарға өте тиімді. Жастармен тығыз байланыста бо­латын орталыққа 1 сәуірге жұмыс іздеуші ретінде 3328 хабарласса, оның ішінде жастар 876 адам немесе 26,3 пайызға жеткен. Жұмыс жоқ емес, әсіресе кәсіпке икемі бар азаматтарға қолдау өте көп. Соңғы болып Сунақата ауылдық округінің әкімі Ақылмұрат Жұмаділлаев пен Ақүйік ауылының әкімі Азамат Мамеков баяндама жасады. Қос әкім ауылдағы ахуалды, жастардың бос уақытын қалай өткізуде екенін түсіндірді. Бұл ауылдардың белсенділігін көріп жүрміз, әсіресе балуандар мекені саналған Бірлік ауылында футбол спорты дамып келеді. Иә, жастардың жарқын жолы, биігі мен белесі – біздің болашағымыздың бет-бейнесі.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
12 мамыр 2024 ж. 377 0