Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ҚАЗАЛЫДА ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазалы ауданында жастар саясаты жөніндегі Қызылорда облыстық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Кеңесте мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі «Жол картасының» жүзеге асырылу барысы, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жас кәсіпкерлерді қолдау бойынша атқарылғанжұмыстар, өңірдегі еңбек ресурсы балансының тиімділігі, Қазалы мен Жалағаш аудандарындағы жастар саясаты саласында іске асырылып жатқан жұмыстар талқыланды. 
Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев аудан бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы баяндады. Аудан халқының 26 пайызын (19 924 жас) жастар құрайды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында биыл жергілікті бюджеттен 12,4 млн. теңге бөлінді. Жыл басынан бері аудан жастарының қатысуымен 150-ден астам шара ұйымдастырылды.
Биыл кәсіппен айналысуға ниет білдірушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 5 есеге дейін артып отыр. Бұған дәлел аудан орталығында алғаш рет SMILE кино кафесі ашылды. Онда аудан жастарының ұйымдастырылуымен түрлі шаралар жүзеге асырылып келеді.
Кеңес отырысын қорытындылаған облыс әкімі тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастардың бос уақытын ұйымдастыру, кәсіби бағдар беру, құқық бұзушылықтың алдын алу, жастар корпусын дамыту міндеттелді.
05 мамыр 2018 ж. 1 437 0