№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жақсылыққа жарысқан жастар

Жақсылыққа жарысқан жастар


Жақсылықтың аясы кең. Қайырымдылық қол ұшын созып, өзгенің қуанғанын сезіне білген жан оны еселей түскісі келетіні табиғи заңдылық екен. Жаңақорғандық жастардың қадамынан біз осы қадір-қасиетті танып отырмыз. Ең алғаш он-жиырмасы бас қосып, аудандағы тұрмыс күйі төмен отбасына көмек беруді бастаған бұл жігіттердің қатары бүгінде 400-500-ге жуықтады. Олар осы уақыт аралығында өз күштерімен 11 баспананы соғып, аса мұқтаж жанұяларды қуанышқа бөледі. Биылғы Рамазан айында қазығын қадап, көптеп-көмектеп, бір ай ішінде салып біткен он екінші баспананың кілтін бейсенбі күні табыс етті.


Ауданның атпал азаматтарының басын біріктірген «Жаңарған Жаңақорған жастары» бірлестігінің құрамында дәрігер де, мұғалім де, диқан да, кәсіпкер де, құрылысшы да, түрлі сала өкілдері бар. Өздері ерікті түрде бас құрап, аяғынан нақ қойған қоғамдық ұйым қатары жыл өткен сайын толығып, ауданның рухани және мәдени саласына барынша атсалысып келеді. Әсіресе қайырымдылық шараларына белсене қатысып, сауабы мол істерімен танылып отырған жастар жақсылыққа жарысқан ықылас-пейілімен үлкен-кішінің алғысына бөленіп келеді.
Қасиетті Рамазан айында іргетасы қаланған 12-інші баспананы тапсыру салтанатты ша­расына аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов арнайы қа­тысып, ізгі шараға жиналған жұртшылықты Айт мерекесімен құттықтады. Үлгілі істің басы-қасында жүрген елге жанашыр жомарт жүректі азаматтарға өзінің шын ықыласты ағалық тілегін білдірді.
– «Иісі мұсылман үшін қасиетті саналатын айт мерекесі күні ауданымызда жарқын жаңалық болып жатыр. Осы қасиетті күні «Жаңарған Жаңақорған жастары» тарапынан жасалған үлкен қамқорлықтың куәсі болғалы отырмыз. Олар осал отбасына баспана салып беріп, жағдайы келмей қиналып жүрген қаншама бауырдың берекелі тұрмысына себепкер болып отыр. Бұл жалғыз-жарым кісінің қолы­нан келетін тірлік емес, жұмыла ынтымақтас­қан жарқын ниеттің жемісі. Сондықтанда бұл азаматтарға ризашылығымыз шексіз. Мына беріліп жатқан шаңырақ жаңа егелеріне құтты болсын! Әрдайым осындай мейірім мен жан шуағына бөленген игі істерге толы күндердің куәсі бола берейік.
Мереке мүбәрак болсын!» деді.
Келесі кезекте «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілер тобының белсенді мүшесі әрі ұйымдастырушысы Қоғамбек Бейсенбаев сөз алды. Ол сөзінде: «Бір ғана айда салынып біткен бұл үйдің жаңа игелері бұл туралы әлі өздері білмейді. Біз аудандағы отбасы жағдайларын жіті зерттеп, осы жанұяға беруді шештік. Қазір олар осы тосын сыйымызға куә болады. Осындай жандардың көңіліне шаттық толған қуаны­шы­на ортақтасу жастардың ай бойғы бейнетін ұмыттырып, бұрын сезіп көрмеген бақыттықты сезінетінін басынан өткізген адам ғана түсінеді. Міне, сондықтан шығар, ұйым мүшелері болып, қайырымдылық шараларын алғашқы уақытта әркімге насихаттап, көмек беруіне өтініш білдіріп келсек, қазірде ондай мәселе жоқ, қайта «мен нендей көмек бере аламын» деп жақсылыққа жарысатын жандар көбейді.
Біз осыған қуанамыз. Өйткені қарақан бастың қамының қарекеті ешуақытта таусылған емес. Ал өзіңнен артылып кішкене де болса біреуге қолұшын созғанның сауабы жүз жыл өтсін мейлі алдыңнан шығып тұратын хикметі бар. Жас бола тұра осыны шын сезіне білген жүректері иманға толы інілеріме тек қана жақсылық тілеймін. Өссін, өнсін, көгерсін, – деген тілегін білдірді.
Келесі сөз алған ауданымыздың ақсақалы Садулла қажы Омаров ағамыз:
– «Барлық мадақ Аллаға лайықты. Жаңақорған халқының маңдайына осындай саналы ұрпақты нәсіп еткен тағдырымызға шүкіршілік. Жоқ пен жұқаның көңілін көтеріп, бар мен жоқтың арасын нұрмен байланыс­тыратын көзі ашық, көкірегі зерделі, жаны рухани құндылыққа бай осын­дай азаматтарымыздың Алла береке­сін арттырсын. Елім деп жүрген ел басшыларына, дінім деп жүрген дін басшыларына Алла хидаятты, қуатты нәсіп қылсын» деген алғаусыз тілегін қосты.
«Ағасыз ел болмайды. Артымыздан ерген інішектерге алғысымыз шексіз. Данияр бастаған «ЖЖЖ»-ның мүше­лері қолы қысқа жандарға баспана соғып беру үрдісі дәстүрге айналған. Алдағы уақытта да аудан басшылығы тарапынан жер белгіленіп, көпшілік тарапынан жәрдем-көмек болып тұрса, жылына бір баспананы беріп тұруға толық қуаты­мыз жетеді. Қазір қоғамдық бірлестік­ орталығының құрылысына кірістік. Бұл орталықта әлеуметтік «Қамқор» дүкені орналасатын болады. Сонымен қатар жастардың рухани-интеллектуалды то­лысуына бағытталған секциялар бөлмелері жұмыс жасайтын болады». Бұл «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ер­кінбек Айнақожаевтың сөзі.
Шара барысында Жастар қанаты құрымындағы бірнеше белсенді аза­маттар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында «Қарабура», Нұрасыл», «Береке», «Ай­сара ана» сауда үйлерінің жетек­шілері Ғазиз Қанатұлы, Айбек Бер­дібекұлы, Оразбек Жамалдинұлы, Сә­бит Өндірбайұлы, Айтқожа Мұстафа­ұлы, Нұржан Шамшудинұлы бар.
Сонымен, барлық жағдайы қам­тамасыз етілген, суы, газы кіргізіл­ген, жасау-жиһаздарымен жабдықталып, жаңа иесін күтіп тұрған тұрғын үй­дің лентасын аудан­ның бас имамы Әбдіхалық Наметов, аудандық мәслихат хатшысы, «ЖЖЖ»-ның белсенді мүшесі Данияр Досантаев қиды.
Жаңа баспана кілтіне ие болған кент тұрғыны, көп балалы зағип жан Сейдулла Сахиев ағамыз отбасы атынан үлкен ризашылығын білдірді. Шараға жиналғандар үлкен сауапты істің құр­метіне аудандағы кәсіпкер азаматтар жайған кең дастарқан басынан дәм татты. Елдің ауызбіршілігі деп осындайды айтса керек.

Баян ҮСЕЙІНОВА
13 сәуір 2024 ж. 227 0