№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Тәуелсіздік күні бесінші баспана кілті табысталды

Тәуелсіздік күні бесінші баспана кілті табысталды


Тәуелсіздік күні "Жаңарған Жаңақорған жастары" қоғамдық қоры жаңақорғандық тағы бір шаңырақты қуантты. Бұған дейін пәтер жағалап жүрген жалғызбасты ана, Жаңақорған кент тұрғыны Гулнар Сердалиева "ЖЖЖ" қоғамдық қорынан көмек сұраған болатын. Ерікті жастар кент орталығынан баспана іздестіріп, мереке қарсаңында Гулнар Сердалиеваға баспана кілтін табыстады. Қор мүшесі Қоғамбек Бейсембиев пен заңгер Дәулет Тұрабаев үйдің құжаттарын нотариус арқылы рәсімдеп беріп, шын мұқтажды қуантты. Қоныс той құтты болсын! Атсалысқан барша жомарт жандар мен ерікті жастарға Жаратқан Алла разы болсын!
Айта кетейік, бұған дейін ерікті жастар шын мұқтаж отбасына асар әдісімен 3 баспана салып берсе, 1 баспананы сатып алып берген болатын.

Жаңарған Жаңақорған жастары.
20 желтоқсан 2020 ж. 583 0