Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпке адалдық

Кәсіпке адалдық


Аудандық электр жүйелері мекемесінде отыз бес жылға жуық еңбек етіп келе жатқан Тұрсымат Әбдіәшімұлын ұжымдастары жоғары бағалайды. Қажырлылық пен тиянақтылықты серік еткен оның төл кәсібіне деген сүйіспеншілігі қандай қиындықты болса да еңсеруге ерік пен жігерін еселеп келе жатқанының дәлелі, еңбек адамы күн-түнмен санаспайтын жауапты қызметте үнемі әріптестеріне үлгі болып келеді.


Тұрсымат Әбдіәшімұлы еңбек жолы туралы былай дейді:
– Онжылдық мектепті бітірген соң электромонтер мамандығы бойынша арнайы білім алып, одан әрі әскер қатарында болдым. Алғашқы еңбек жолымды аудан орталығындағы ХРСУ мекемесінде бастадым. 1989 жылдан бастап сол кезде Өтеген Әлімбетов басқаратын Жаңақорған электр жүйелері мекемесіне жұмысқа тұрдым. Алдымен Серік Мұхтаровтың жетекшілігіндегі №1 бригадада жұмыс істедім. Ол кезде аудан орталығы және 23 партсьезд, қазір­гі Қожакент ауылынынан бері қарай аумақтағы подстанция жұмысына жауапты болдық. 1999 жылдан бастап ВЛ 35 киловольтты линиясына қарайтын 3-інші учаскеге ауыстым. 2010 жылы кезекші монтер болдым. Одан кейінгі жылдары диспетчер қызметін атқардым. Оперативті диспетчер ретінде ауылда қай жерде жарық жоқ, соны дер кезінде хабарлап, әріптестерімді бағыттап отыруым керек.
35 жылдық еңбек жолымда ең қиын кезең болып саналған тоқсан үштің қысында тірек бағаналар құлап, сымдарға мұздақ қатып, жарық беру өте ауырлаған сәттерді бастан кештік.
Қазірде жағдайымыз нақты жүйеленіп келеді. Жетпіс бес пайызы тозығы жеткен бағаналар мен электр сымдары жаңартылып, жұмыс сапасы көп артты.
Жалпы алпыс жетінші жылдары аудан көлемі толық электрлендіріліп біткені белгілі. Ендігі мақсат осы техникалық жабдықтың игілігін өз дәрежесінде пайдалану – мамандарға үлкен міндет жүктейді.
Тәжірибелі маманның жолын қуған шәкірттері аз емес. Өзінің ұлы Асылбек те әке жолын қуған, мамандығы электромонтер.

Жәмила ЕРМАХАН
13 сәуір 2024 ж. 195 0