№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тараптар бір сызықта түйіседі

Тараптар бір сызықта түйіседі


Туған өңіріміздің өкпе тұсын басып өтіп жатқан болат жолдың бойымен елдің батысы мен шығысына, ерсіліқарсылы жөңкілген жүк және жолаушылар пойыздарының саны артып, тіршілігі тәулік бойы толастамауы заңды. Бұған өндірісі өркендеп, кәсіп көкжиегі кемелдене түскен ауданымыздың әлеуеті дәлел.

 Тұғырлы қазығы Николай патшаның кезінде қаланып,ғасырдан астам уақыт өкпек желдің өтінде қос қоғамдық құрылысқа куә болып, енді келешекке қызметін жалғаған бұл киелі жолдардың ендігі иелеріне елдің темір жол торабы нифрақұрылымын қуатты Қазақстан құру жолына икемдеп, жұмыстарын ширата түсу міндеті жүктеліп отыр.

 Тамыздың бірінші жексенбісі – кешегі кеңестік кезеңнен бері теміржолшылар күні мерекесі ретінде аталып келеді. Кәсіби мереке қарсаңында Қазақстан Темір жолы жүк тасымалы ЖШС Батыс филиалының Қызылорда қосалқы бөлімінің Жаңақорған станциясының бастығы Жанболат Мамуовпен арнайы жолығып, әңгімеге тартқан едік. Бізді алдымен қызықтырған өңіріміздегі үш тарапты желі арқылы өтетін жүк және жолаушы пойыздарының әлеуеті – жолаушы тасымалы мен жүк айналымы, қызмет сапасы туралы сауал бойынша төмендегіше деректерге қанықтық.
Қазақстан Темір жолының Жаңақорған бөлімшесі станциясынан күніне 40 жүк вагоны, 20 жолаушылар пойызы межелі нүктеге бағыт түзейді екен.
- Станция құрамында қанша қызметкер бар?
– 25 қызметкер бар, – деген ол станция бастығының логистика жөніндегі орынбасары Ғалымжан Әбдіманапұлын таныстырып, 2017 жылдан бастап бірге жұмыс істеп келе жатқанын айтты.
 – Станция кезекшілігінде 5 адам жұмыс атқарады, пойыз құрастырушылар – 5, жүк қабылдап тапсырушылар – 6, тауар қабылдап тапсыратындар – 6, және 5 оператор жұмыс істейді. Осы құраммен айына ауданнан күніне жергілікті өнімнен 1000 тонна қиыршық тас сыртқа жөнелтіледі.
 Мәселен шілде айында 642 вагон шебень Белкөл, Қызылорда, Қазалы, Сексеуілге тасымалданды. 86 вагон көмір, жанармай, цемент, ағаш, тағы басқа зқұрылыс материалдары бізге келіп түсті. Осы жұмыстардың ырғақты қозғалысына мін түсірмеу мықты талап пен тәртіптің нәтижесінде ғаға жүзеге асады. Сондықтан саланың барлық қызметкерлері өз міндеттерін адал әрі тиянақты атқаруға күш салады – дейді ол.

 Біздің екінші сауалымыз адам факторына келіп тірелді. Жұмысшының жағдайын жасау арқылы сапаға қол жеткізуге болады. Жақсы көңіл күй – жарқын сапаның кепілі. Бұл тұрғыда теміржолшылардың айлық жалақысын көтеруден бастап еңбек демалыстарында Қазақстан аймағына пойызда тегін жүруді қамту қаперге алыныпты. Сондай-ақ жол бойында жұмыс жасайтын еңбеккерлердің балаларына жазғы тынығу лагерьлеріне жолдама беру кәсіподақ арқылы шешіліп отыр екен.

 – Өндірістік әлеуетіміздің артуына орай 3-класты станция деңгейіне жеттік. 2-класты дәрежені иеленуге де тауар көлемінен мүмкіндігіміз жеткілікті, бірақ желі санының шектеулігінен оған мұрсат болмай тұр. Дегенмен, қазірде Жосалы, Тереңөзек, Төретам, Сексеуілден кейінгі орында тұр екенбіз. Сонымен қатар, бізде Шалқия Цинк, отын базасы, тағы басқа бағытта 8 арнайы тұйық жол бар. Сол сияқты вагон жүктерін өлшейтін таразы жұмыс істейді, – дейді станция бастығы Жанболат Мамуов.

 Әрине, жұмыс болған соң екпінділер қатары ұжымдағыларға өнегелі еңбегі, ұлық ұстанымымен үлгі көрсетіп, көшті бастап жүрері заңды Осы орайда бір орында қырық жылға жуық еңбек етіп, кешегі кеңестік кезеңнің тәртібін көрген, қауіп-қатері қатар жүрер әскери қызметпен пара-пар міндетін адалдықпен атқарып келе жатқан теміржолшы Бибасаров Құрбанай Базарбайұлын басшылық ерекше атады.

 Ол өзі туралы былай дейді: «Мен аудан орталығындағы №51 орта мектебін бітірген соң аудандық Каз­ сельхозтехника мекемесінде жұмыс істедім. Одан соң Кеңес армиясы қатарында болдым. 1987 жылы Сама­ ра қаласында теміржол институтына оқуға түсітім. Кәсіби еңбек жолымды Жаңақорған станциясында кезекшіліктен бастадым. Одан әрі қауіпсіздік жөніндегі ревизор, станция басшысы міндеттерін атқарып келдім. 2007 жылы 25-разьездің станция бастығы, одан әрі Жаңақорған станциясына аға жүк қабылдаушы болып келдім. Қарамағымда 5 қызметкер бар. Жұмысымыздың сипатына кел­ сем, ауданға келіп-кетіп жатқан тауар тасымалына вагон дайындап береміз. Тауарлар бүлінбей, қауіпсіз жеткізілуіне жауапты болғандықтан жан-жақты жұмыс жасаймыз.

 Мәселен, күніне 2 вагон цемент ке­ леді, 20 вагон тас тиеледі, 3-4 вагон әк тиеледі. Ол вагондарды қай жерден босаса сол жерден алдыртып, зат тиеу­ ге жібереміз. Бұл жұмыстарды атқару­ да Әшимов Дінмұхамед, Қалдыбаев Болатбек; Салыбеков Ертай, Заңғар Нұрымбетоа, Жаңабай Нұртазаев сынды азаматтардың сапалы жұмыстарын айрықша атау орынды» дейді.

 Иә, тәуліктер бойы ырғақты қыз­ метінен жаңылмай, ел экономикасы­ ның артуына бар қажыр-қайратын арнап келе жатқан теміржол саласы қызметкерлерін төл мерекесімен біз де құттықтағымыз келеді



Баян Үсейінова

08 тамыз 2022 ж. 250 0