Бөгенбай батыр баспаналы болды
Бөгенбай үшін берекелі болды. "Жаңарған Жаңақорған жастары" еріктілері бастамасымен бой көтерген баспана тұрмысы тұралаған Сахиевтер отбасына тамаша тосынсый болды. Кеше кешкісін жатарда ертең өзіміздің жаңа баспанамыз болады деп ойламағаны анық. Себебі, қамысы ортасына түскен мемлекеттің тозығы жеткен тамында тұрып жатқанына біршама уақыт болды. Науқас әкесі мен анасына қолғабыс болған Бөгенбай батыр қара жұмыстан әсте қашқан емес. Кенттегі ең ауыр деген жұмыстың бәрін жасады.
Хош, жылдағы дәстүрге сай, Рамазанның алғашқы күні 12-баспананың іргетасы қаланып, айттың 2-ші күні көптің алдында шын мұқтаж отбасына табысталды. Тосынсыйға тосылып қалған отбасы біршама уақыт қуаныштың көз жасына ерік беріп, елге алғыс айтты.
Аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов ақжарма лебізін айтса, ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы Наметов пен ел ағасы Сәйділла қажы ақ батасын берді. Лентасын тамсоққыр досым Данияр Досантаев әкіммен бірге кесті.
⠀Жария садақа болғасын үлес қосқан жомарт жандардың бәрінің атауға болар еді. Бірақ, алманы алма көріп нәр алсын деген ниетте аз-кем айта кетсек. Әлқисса "Айсара ана" сауда үйі басшысы Нұржан, "Ғани" сауда үйі ағайынды Ғазиз, Ғалымжан, "Береке" сауда үйі ағайынды Құрбанқожа, Айтқожа, "Азамат" сауда үйі, "Хан-Ша" жиһаз үйі, "Азамат" жиһаз орталығы, "Бақ" құрылыс сауда үйі, "Қара бура" құрылыс сауда үйі Айбек, "Нұрасыл" сауда орталығындағы көтерме сусындар Ораз ағамыз, "Bai jewelerу" Алтын бұйымдар басшысы Базарбай батыр бар. Одан бөлек, "ИсаНұр" холдинг шатырын жапса, поровой, тоғын, полын, кафелін, пешін, суын, газын опшым, бәрін қолынан іс келетін іскер ерікті жастар ақысыз істеп берді. Қосқан үлесім болсын деп. Сексен тоғыз бен тоқсан төрттерде қомақты үлесін қосты. Әрине, қаржылай қоғамдық қордың есепшотына аударған жүздеген жаңақорғандық жомарт жанға Алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
⠀Бітер істің басында, жақсы жүрер жанында демекші, ізгі істі үйлестірген Қоғамбек ағамыз бастаған, төраға Еркінбек пен мүшелері Данияр, Арман, Дәулет, Еркін, Ерден, Нұрхан, Наурызбай, Нұрқазы, Бекзат, Аманжол секілді сақа жігіттерге рахмет.