Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 554

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ОРАЗАНЫҢ ЕКІНШІ ОН КҮНДІГІНДЕ ОНЫНШЫ БАСПАНАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

ОРАЗАНЫҢ ЕКІНШІ ОН КҮНДІГІНДЕ ОНЫНШЫ БАСПАНАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ



Жаңарған Жаңақорған Жастары"Бісміллә" деп бастап кетті, 10-баспананы. Жылда оразаның алғашқы күні бастап, айттың үшінші күні шын мұқтажға кілтін табыстаушы еді. Биыл кішкене белгілі себептермен оразаның екінші он күндігінде іргетасы қаланды. Бұйырса, жігіттердің бет алысы жаман емес. Айттың үшінші күніне үлгереміз деп жатыр.
Сауапты істің басы-қасында өздеріңіз білетін тамсоққыр Данияр Досантаев бауырым. Бұ кісі қазір білесіздер халық қалаулысы. Сондықтан да бұрынғыға қарағанда жауапкершілік жүгі екі есе ауыр. Десе де, біз білетін Данияр сол баяғы. Мандат бұйырды екен деп, жылдағы дәстүрінен жаңылмақ емес. Ал, іске сәт! Әзірге іргетасы құйылды. Топырағы төселді. Шлакаблок түсіріп жатыр. Ортақ чатта қызу қолдау. Асарға атсалысамын деген Жаңақорған жастары жақсылық жолында жарысып жатыр. Бірі бүкіл қажетті ағашын алып беремін десе, енді бірі газ пеші бізден деп барымен бөлісіп жатыр. Сіздерде сауапты істен құр қалмайық десеңіздер, төменде афишада каспи номер жазулы. Материал болса, тікелей тамсоққыр Даниярмен тілдесесіздер. Жауапты жанашыр сол.
 
                                                                                                                                               Әбдісамат Әбдіш
09 сәуір 2023 ж. 238 0