Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 542

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қуаныш көбейсе, құт келеді

Қуаныш көбейсе, құт келеді



Қазақта «Қос тойың қабат келсін» демекші, бүгін Жаңақорған төрінде үлкен қуаныш. Жылдағы дәстүрінен жаңылмаған «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының еріктілері биыл бір емес, екі баспанаға шын мұқтаж шаңырақты шаттыққа бөледі. Қасиетті Ораза айттың соңғы күніне сәйкес келген жаңа баспаналардың кілтін табыстау рәсіміне аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов арнайы қатысты. Мерейлі сәтте құттықтау сөзін сөйлеп, ақжарма лебізін білдірді. Ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы Махмұтұлы елдің атынан ерікті жастарға алғысын айтты.
Қос үйдің бірі "МАИ бекеті" аумағында болса, екінші баспана орталық стадион маңында. Осындай сауапты істерге мұрындық болып, қолынан келгенше қазағына қамқор бола білген жастарға жаңақорғандықтар риза. Алла жастардың бірлігін одан сайын бекемдеп, әр қызметіне молынан сауап жазсын.
04 мамыр 2022 ж. 588 0