Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мейірбике мейірім иесі

Мейірбике мейірім иесі

Ана құрсағында жатқаннан бастап, жарық өмірден озып кеткенше сау-сәлеметтігіміз дәрігерлермен тығыз байланысты. Олардың еңбегін қажетсінбейтін жан жер бетінде кемдекем шығар, сірә. Әр минут, әр сағат, әр күн сайын уақытпен санаспай, науқас дертіне дауа табуға бар күш-жігерін аямайтын дәрігерлер еңбегі ерен. Өмір мен өлім арасындағы арпалыста адам жанын ажалдан арашалап, қашанда көмек қолын созуға дайын ақ халатты абзал жандардың орны төр. Сондықтан оларды қалай дәріптесек те жарасады. Осындай мақсатта аудандық аурухананың балалар мейірбикесі Ермахан Мөлдір Мырзаханқызы тілдесуді құп көрдік.
Біз арнайы іздеп барған кейіпкеріміз көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген жан. Бірнешежылдан бері  дәрігерлік қызметте, аудан тұрғындарының жүрегінен орын алған білікті маман. Өз ісінің нағыз шебері бола білген кейіпкеріміз талай адамның жүрегіне үміт отын жағып, өмір гүлін сыйлап келеді. Күнделікті қарасы үзілмейтін науқастарға емшара көрсетуден бөлек, алдындағы науқастарға жайдары мінез танытып жүруден жалыққан емес. Өзінің сүйікті мамандығына нағыз берілген жан адам денсаулығының сақшысы қызметін абыроймен атқарып жүр.
 Жұмысына берілгендігі соншалықты, біздің кіргенімізді де байқар емес. Келген шаруамды айтқанымда қысылыс тауып, басылым бетіне шығуға ыңғайсызданатынын білдіргенде таңқалғаным жасырын емес.
Иа, дәрігер – үмітке үміт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын ең қадірлі, құрметті мамандық. Оның дәрігер боламын деген арманын ата-анасы қолдайды. Ұстаздары да мақсатына қанат бітіріп, медициналық бағытта білімін шыңдауға көмектеседі. Осылайша ес білгелі дәрігер болуды мұрат еткен абзал жан кіндік қаны тамған жеріне аянбай еңбек етіп келеді.
Кейіпкермен әңгімелесу барысында күнделікті жұмыс барысын баяндаған кейіпкеріміз әр науқасқа бар ниетімен әрі шынайы пейілімен қамқорлық таныту өте маңызды екенін айтады. Оның айтуынша, бұл мамандық өте үлкен жауапкершілік пен біліктілікті талап етеді. Себебі, денсаулық адам өміріндегі ең қымбат байлығы болғандықтан, оның кері кетуіне түрткі болған дәрігер қателігін ешкім де кешіре қоймас. «Бұл мамандыққа келген соң, кез келген жанға қол ұшын созуға дайын болуымыз керек» деген Ермахан Мөлдір Мырзаханқызы әсіресе сәбилер сырқатын табу қиынға соғатынын жасырмады.
– Ең бірінші кезекте алдыңа келген науқастың көңілін табу керек. Сәби жанын қинаған ауруды дөп басу – ең қиын шаруа. Тілі шықпаған бала өзінің дәл қай жері ауырып тұрғанын нақты айта алмайды. Бір жерінің ауырып, мазасызданып тұрғанын жылап қана білдіре алады. Сол себепті бізге дәрігермен қоса психолог болуға да тура келеді. Әрине, өз ісінің маманы осы айтқан дүниелерді оңай іске асырады деп ойлаймын, – дейді мейірбике.
Бүгінде бала мейірбикесі мамандығын екінің бірінің таңдауға батылы бара бермейді. Себебі, балалар мейірбикесі  болу үшін тек жоғары оқу орнын бітіру аздық етеді. Сезімталдық, үлкен жауапкершілік, ұқыптылық, әрі күн сайын жаңа нәрсені білуге, үйренуге асық болу арқылы бұл мамандықты меңгеріп, шыңына шығуға мүмкіндік бар.
Үмiтке үмiт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып, бiлiм мен мейiрiмдiлiктi ұштастыра бiлген Бағдаттай дәрігерлердің еңбегі жоғары бағаға лайық. Өйткені әңгімелесу барысында бұл мамандықтың қыр-сырын ортасында жүрген жан ғана түсінетініне, машақатын көзімен көрген жан ғана бағалайтынына көзіміз жетті. Кейде пендешілікке салынып «дер кезінде көмек көрсетілмеді» деп назданып жататынымыз рас. Десе де, біреудің сырқаты жеңіл болса, біреулер өмір үшін күресіп жатады. Осындайда өзімізді сабырға шақырып, дəрігерлердің жұмысына түсіністікпен қарағанымыз жөн-ау деген ойға келесің.
Әсел Рзаева
12 сәуір 2024 ж. 254 0