Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа технологияны меңгерген хирург

Жаңа технологияны меңгерген хирург


Жұмыр басты әр пенде тірлігінде мына жарық дүниенің қызық-қуанышын көп көрсем, бала-шағамның ортасында ұзақ жүрсем дейді. Айым оңымнан туып, жұлдызым жарқырап, жайнап тұрса дейді. Алдына қойған мақсат-міндетіне жету үшін барлығына тәуекел етеді. Шыңға шығу жолында қанша қиындық кездессе де, мойымайды. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз, ауданымыздағы білікті хирург, өз саласының маманы Нұрхан Иниятханұлымен сұхбаттан соң осындай ой түйдім.


Ақ халатты жандар талай жанның жүрегіне үміт отын жағып, өмір гүлін сыйлап келеді. Күнделікті үсті-үстіне ағылып келіп жатқан науқастарға ем-шарадан қолы титтей босамаса да кейіпкеріміз әрқашан жайдары мінез танытып жүруден жалыққан емес. «Гиппократ» антын қабылдап, сабырлылық пен салмақтылықты се­рік еткен Нұрхан Асханов өз ісінің нағыз маманы. Ол бүгінде пилоттық бағдарлама арқылы инсультті, ми қан айналым бұзылысын ерте анықтауға арналған компьютерлі томография құрылғысында жұмыс жасап келе­ді. Жанындағы әріптестері рентген саласында 30 жыл еңбек өтілі бар дәрігер Төрехан Әбдірашитұлы мен 15 жыл осы салада жұмыс жасаған Ербол Байдуллаұлы туралы жылы лебіз білдіріп, олардың қызметтеріне ерекше тоқталып өтті.
– Бұл мамандықты жүрек қалауыммен таңдадым. Анамның да қалауы осы болды. Хирург болу үшін, ең алдымен, білім, төзімділік, батылдық пен өзіңе деген сенімділік қажет. Жоғарыдағы аталған қасиет болмаса хирургия саласын меңгеріп кету қиынға соғады. Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін 2000-2007 жыл аралығында жоғары дәрежеде оқып бітірдім. Бұл мамандықты игеру үшін зор жауапкершілік,батыл әрекет, үлкен төзім, шеберлік қажет, – дейді кейіпкеріміз.
Жоғары оқу орнын бітіріп келген жас маман Жаңақорған аудандық ауруханасында еңбек жолын 2007 жылдан бастап 17 жыл табан аудармай осы салада еңбектеніпті.
– Өмір болған соң денсаулыққа байланыс­ты түрлі жайсыз жағдайлар, оқыс оқиғалар болуы әбден мүмкін. Мұндай кездерде көмекке алдымен біз келеміз. Сырқаттың сауығып ке­туін кепілдікке алған соң әр адамыңды үлкен жауапкершілікпен әрі сапалы атқаруың керек. Өйткені осындай сәттерде саған айрықша сенім, үлкен үміт артылады, – дейді ол.
– Тәуекел етпеген жан табыстың дәмін татпайды. Осыдан бір жыл бұрын пилот­тық бағдарлама арқылы Шиелі, Жаңақор­ған аудандарына қарасты медицинаның КТ аппараты алынып, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап жұмысты бастағанын айтты. Бұдан бұрын Алматы қаласына барып, 4 айлық арнайы курстан өтіпті. Бір жылдың ішінде Шиелі ауданынан келушілер де бар, өз ауданымыздан міндетті сақтандыру және арнайы жолдама арқылы 1000 адам, жедел түрде 1500 адам тексерілуден өтті, – дейді дәрігер хирург бізбен сұхбатында.
Біз маман дәрігерден КТ құрылғысында анықталатын науқас түрлерін айтып беруді сұрадық.
Бұл аппаратпен кез-келген кеселді алдын- ала анықтап, бәрін нақты көруге болады. Сүйектердің тасуы, өкпе дертінің асқынуы, туберкулезді жақсы анықтайды. Жарақат болған жағдайда дереу аппаратқа түсіріп, қорытындысын дәрігерлерге жібереміз. Бір күннің ішінде сараптама қорытындысын көре алады, – дейді ол
Хирург иммунология бағытында, зама­науи дәрі-дәрмектер, диагноз қою, тексеру тәсілдерінде мол ақпаратпен қаруланған, уақытпен есептеспейтін, білімін үздіксіз жетілдіріп отыратын, кәсіби әлеуеті жоғары, ойшыл,өмірін осы жолға арнаған жанды айтар едік. Кәсіби білікті хирург болу үшін үш нәрсе – терең білім, еңбекқорлық, іскерлік қабілет керек. Осы қасиеттің бәрін бір бойына жиған алтын қолды дәрігерлер Искаков Сәулебек, Есетов Ғалым, Әбдіханов Әлібек сынды алдыңғы буын аға дәрігерлерге, ұстаз бола білген осы кісілердің есімін құрметпен атап, шәкірттік лебізін білдірді.
«Отбасыңызда дәрігерлік жолды таңдаған басқа жандар бар ма?» – деген сауалымызға ол:
«Отбасымда дәрігерлік саланы таңдаған жалғыз азаматпын. «Бір үйге бір дәрігер керек» деп анам бала күнімнен осы салаға қызығушылығымды оятты. Отбасылымын. Жа­рым Нұрсәуле екеуміз үш перзент тәр­биелеп отырмыз. Қызым болашақта дәрігер болуды армандайды. Алла қаласа, мақсатына жетіп, білікті дәрігер болуын тілеймін», – дейді
«Адам үмітінің жібін жалғап, жүзіндегі қуанышты көру – айтып жеткізгісіз керемет сезім ғой. Ең алдымен елге адал қызмет жасау, сапалы көмек көрсету басты міндетім. «Ауырып жазылған жан – олжа, жоғалып табылған мал – олжа» демекші, адам үшін ең басты орында тұратыны, әрине, денсаулық. Адам жанын денсаулыққа келген кілтипаннан арылтуда уақытпен санаспай, тынымсыз еңбек етіп жүрген барша абзал жандарға біз де өз алғысымызды жеткіземіз.

Ботагөз БЕКМАХАН
05 шілде 2023 ж. 342 0