№25 (8839) 8

08 сәуір 2025 ж.

№24 (8838) 5

05 сәуір 2025 ж.

№23 (8837) 1

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ернұр ел чемпионатында жүлде алды

Ернұр ел чемпионатында жүлде алды

Петропавл қаласында өткен еркін күрестен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жаңақорғандық балуандар жүлдесіз қалмады. Бұл чемпионатта Жаңақорған ауданының №7 спорт мектебінің спортшысы 125 келі салмақ дәрежесінде Нұрғали Ернұр күміс жүлдені иеленді.
Шыны керек, Сыр елінің еркін күрес мектебінің іргетасы Жаңақорғанда қаланды. Кешегі Жасұлан Мұхтарбекұлы бастаған балуандар төрт рет қатарынан Олимпиадада өнер көрсетті. Дәулет Ниязбеков, Ғалымжан Өсербаев та әлемдік сахнада көк туды талай желбіретті. Солардың ізін басқан Қанат Мұсабеков, Азамат Шағапұлы сынды спортшылардың ізін енді жас балуандар басып, өсіп келеді. Міне, соның тағы бір дәлелі Ернұрды айтуға болады. Ильман Изатов пен Серік Абдімауленовтен тәлім алатын оның болашағынан зор үміт күтуге болады.
– Алғашқы ірі жарысым болғандықтан, аздап қобалжы болды, бірақ бар мақсатым алтын алу болатын. Тек ақтық сында жол беріп қойғаным өте өкінішті. Келер жылы кеткен есені қайтаруға тырысамын. Қолдау көрсетіп, демеу болып жүрген ағайларым мен жерлестерге алғыс айтамын, – деді жас чемпион.
07 сәуір 2024 ж. 237 0