» » Ел біріншілігінде алтын бұйырды

Ел біріншілігінде алтын бұйырды

Алматы облысы, Сарқан қаласында өткен еркін күрестен 2004-2005 жылы туылған ауыл жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты жаңақорғандық балуандар үшін сәтті аяқталды. Еншімізде бір алтын, бір қола жүлде бар. 48 келіде өнер көрсеткен Әбдішүкір Ерасыл қоламен қуантса, 51 келіде бақ сынаған Атахан Нұрхан алтынмен сүйіншіледі. Жас балуандарды Ильман Изатов пен Айдар Әбенов жаттықтырады.

Жалпы Жаңақорғанда еркін күрес мектебі қалыптасқаны елге белглі, бұған олимпиада биігінде өнер көрсетіп жүрген блуандар дәлел. Енді аға буынның ізін жалғап, жасөспірімдер өсіп келе жатыр.
– Жарыс жоғары деңгейде өтті, шәкірттер барын салды. Ерасыл қоланы қоржынға салып, Нұрхан алтынды мойынға тақты. Бұл олардың ірі бәсекедегі алғашқы биігі, бұйыртса әлі талай жарыстарда оза шабатынына сенімдіміз. Ең бастысы, жастарда жігер, намыс, өр рух, жеңіске деген сенім бар, – деді Ильман Изотов.
Сұлтан РЕМЕТОВ
19 маусым 2021 ж. 1 049 0