№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балуандар биігі

Балуандар биігі



Сыр өңірі бойынша Жаңақорған ауданы спорт саласында алдыңғы қатарда келеді. Оған бірнеше рет республика бойынша үздік спорт бөлімі атанып, «Алтын күз» облыстық спартакиадасы мен «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары командалық есепте бірінші орыннан көрініп жүргені дәлел болады. Оның үстіне, Сыр өңіріндегі аудандар арасында төрт Олимпиада ойынына саңлақ спортшысы қатысқан жалғыз ауданбыз.
1991 жылдан бері кенже қалған спорт түрлері қайта түрленіп, толайым табыстарға жете бастады. Бейжің Олимпиадасына дейін құрылықтық сындарда әлемдік додаларда топ жарған спортшылармен мақтана аламыз. 2008 жылы тұңғыш рет ауданнан Олимп шыңын бағындыруға еркін күрес шебері Жасұлан Мұхтарбекұлы аттанды. Бұл сәт аудан спорты үшін үлкен белестің бірі еді, барлық жерлестер тақымын қысып, тағатсыздана күтті. Алайда, жүлде жолына бір табан жетпей, үздік бестікпен түйіндедік.
2012 жылы Лондонға Дәулет Ниязбеков аттанды. Төртжылдықтың басты спорт додасында еркін күрестен бозкілемге көтерілген Дәулет те Жасұланның жетістігін қайталады. 2016 жылы Рио-да өткен Жазғы ойындарда Ғалымжан Өсербаев ел атынан сынға түсіп, ол да бестікпен оралды. Былтыр пандемияға байланысты Токио төріндегі спорт тойы биыл ұйымдастырылған болатын. Ел үмітін арқалаған Дәулет Ниязбеков қайта топқа түсті. Біздің белес бестікке қадам басты. Бұл да бір белес. Міне, осылай төрт жыл қатарынан аудан спортшылары олимп төрінен көрінді. Бұл аудандағы еркін күрес мектебінің мықты қалыптасқанын көрсетеді. Бұл ізді жалғап жүрген Азамат Шағапұлы, Қанат Мұсабеков, Әбдіманап Байгенжеев сынды балуандардан көп үміт күтеміз.
– Қазір жастарға барлық жағынан мүмкіндік бар. Чемпиондық жолда тек маңдай тер төгу керек, еңбексіз ештеңе өнбейді. Біз күрес әліпбиін ашқан сәтте мүмкіндік аз болды. Әсіресе, қазақтың қара балалары шет қалатын. Енді егемен елміз, еңсеміз биік, тек бар күш-жігерді спортты таңдаған соң осы жолда сарп ету керек. Шүкір, шәкірттерімнің жеткен жетістігі аз емес. Мен осылармен мақтанамын, менің жылдар бойғы қызметімнің өтеуі солардың әрбір жеңісі деп білемін. Қуанарлығы, аудан спорты жыл сайын жаңа белесті бағындырып келеді. Әлі талай аламанда атой салатынына сенім білдіремін, – деді еркін күрестен облыстың аға жаттықтырушысы, білікті бапкер Әбутәліп Аманов.
Белбеу күресінен Әлем чемпиондары көп. Атап айтсақ, Мереке Құдайбергенова, Диана Ғайбулла, Алдаберген Айберген сынды жастар әлемді мойындатты. Меруерт Әбубәкір, Алиса Нұртас және өзге балуандар жүлдегер атанып, туымызды тұғырдан түсірмеді. Олардың ізін жалғайтын жасөспірімдер жетіліп келеді. Мерекенің атақ-даңқы бір басына жетіп артылады. Белбеуден Әлем, ТМД елдерінің турнирінде, Азия ойындарында алтыннан алқа тағынды. Дзюдо мен самбодан ел чемпионатында қос бұрымды күміспен күптеліп, қоламен қуантты. Әбдісаттар Садықов басқаратын №8 спорт мектебінің шәкірттерінен бұдан да биіктікті күтеміз. Қазақша күрестен жастар биыл аймақ сынында алтынсыз қайтпады. Айтпақшы, гір тасын көтеруден ардагер спортышымыз Серік Ибрагимов әлемді бес рет бағындырды. Бұл Сыр елінің жарқын рекорды
16 желтоқсан 2021 ж. 895 0