№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мықтылар биігі

Мықтылар биігі


Еркін күрестен Дінмұхаммед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир кіл мықты балуанның бабы мен бағын сынға салды. Тараз қаласында 12-рет өткізілген спорт бәсекесіне 10 мемлекет мықтыларын кілемге шығарды. Қаржылай қоры қомақты турнирде ресейлік балуандар төрт салмақта топ жарды. Үздіктер қатарында Болгария, Беларусь, Моңғолияның балуаны бар. Жүлде алғандар қатарында қос жаңақорғандық – Ғалымжан Өсербаев пен Дәулет Ниязбеков те болды.

Былтыр 65 келіде бағын сынаған Даулет Ниязбеков қолаға қол созған-тұғын. Биыл нәтижені жақсартты. Ол жартылай финалда ресейлік балуаннан айласын асырып, ақтық сында Мейіржан Әшіровке жол берді. Бұл салмақтағы қола медаль Ресейдің Бурятиясынан келген Даша Шарастепанов пен Булат Батоевқа бұйырды.
Бәсекелестік жоғары салмақтың бірі – 79 келі. Ресей, Қырғызстан, Моңғолиядан білекті балуандар келді. Оған Жігер Зәкіров, Шамиль Муртазов сынды қазақстандық балуандарды қосыңыз. 79 келідегі команда үздігі Ғалымжан Өсербаев өз салмағында қарсылас шыдатпады. Ол жартылай және ақтық сында ресейлік балуандарды ұтып, алтынмен сүйіншіледі.
– Қараша айының аяғында Павлодар қаласында Қазақстан чемпионаты өтеді. Онда үздік шыққан балуандар Токио Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алады. Жауапты сынның алдында балуандар өздерін тексеріп, бабы мен бағын сынады. Халықаралық турнирдегі жеңіс балуанға сенімділік пен рух береді. Дәулет пен Ғалымжан өз салмағынын фавориттері. Олардан жеңіс күтеміз, – деді Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Әбутәліп Аманов.
20 қараша 2019 ж. 816 0