Соңғы жаңалықтар

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғанда ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ЕҢСЕСІ ТІК

Жаңақорғанда ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ЕҢСЕСІ ТІК

   Алғашқы орында еркін күрес спорты тұруы заңды. Себебі, еркін күресшілердің бағындырған биігі бір төбе. Ең бастысы, қатарынан үш Олимпиада ойындарына балуанымыз қатысты.

  Атап айтқанда, 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадаға Жасұлан Мұхтарбекұлы жолдама алып, үздік бес­тіктен көрінді. 2012 жылы Лондонда өткен бәсекеге Дәулет Ниязбеков қатысып, үздік бестікпен оралды. Ол бүгінде әлемдік додаларда лайықты өнер көрсетіп жүр. Әлем чемпионатында қолаға қол созып, Азияны үш рет бағындырды.
2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиа­дасы, 74 келіде бозкілемге көтерілген Ғалым­жан Өсербаев жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінді. Одан кейін әскерилер арасында өткен Әлем чемпионатында топ жарды.
– Шыны керек, еркін күрес спортының тамыры сәл әріректе жатыр. Сондықтан болар біздің балуандар абыройымызды асырып жүргені. Десе де, жігіттер әлі де жігерін жанып, алға қарай жылжуы керек. Ардагер спортшы ретінде солардың жеңісіне тілекшіміз, – деді Мәметәлі Жәденов.
Айта кететіні, Қызылорда құрамасын жаңақорғандық балуандар құрайды. Дәулет пен Ғалымжаннан бөлек, Азамат Шағапұлы, Қанат Мұсабеков, Нұржан Өмірбеков, Жандос Кәрібай сынды мықты балуандар Қызылорда облысының атынан шығып жүр. Әрине, мұндай жетістікке жетуде еркін күрестен облыстың аға бапкері Әбутәліп Амановтың, білікті бапкерлер Серік Әбдімауленов пен Ильман Изатов және т.б. еңбегі зор.

Е.Райымбек.

17 мамыр 2019 ж. 1 304 0