№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

№16 (8830) 1

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » СЫР ЕЛІНІҢ ҚОРЖЫНЫНДА ҮШ ЖҮЛДЕ

СЫР ЕЛІНІҢ ҚОРЖЫНЫНДА ҮШ ЖҮЛДЕ

Иә, бүгін еркін күрестен қазақ балуандары бозкілемде биылғы жылдың чемпиондарын анықтады. Өз салмақтарында тұғырдың биігінен көрінуге тырысқан елдің кіл мықтылары жүлде жолында жан аямады. Әсіресе, чемпион болуға тырысқан саңлақтар сайдың тасындай сен тұр мен атайынды көрсетті. Себебі, жеңімпаздар Астанада өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болады. Сонымен...
Сыр елінің намысын қорғаған жаңақорғандық балуандар қоржынға екі алтын, бір қоланы түсірді. 
Алдымен, бозкілемге көтерілген Ғалымжан Өсербаев 79 келі салмақта қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тағынды. Ал, 70 келіде белдескен Қанат Мұсабеков қоламен қуантты. Лондон Олимпиадасының қатысушысы Дәулет Ниязбеков 65 келіде теңдесіз екенін дәлелдеді. Ал, Азамат Шағапұлы жүлдеден шет қалды. Десе де, Сыр жұрты Азаматтан әлі де биік белесті күтеді. 
Міне, 2019 жыл Жаңақорған спорты үшін осындай табыстармен басталды. Жастар жылы жас спортшылардың жұлдызы жана берсін.
ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛСЫН, АҒАЙЫН! 

10 ақпан 2019 ж. 1 026 0