Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өнерлі әулет – өңір мақтанышы

Өнерлі әулет – өңір мақтанышы

Қазақтың қай жері болмасын тума таланттарға бай ғой. Жаңақорған ауданындағы Бесарық өңірінде де біртуар азаматтар аз емес. Әлшекейді айтып әрі бармағанда Манап Көкенов пен Жүсіп Қыдыров, Адырбек Сопыбеков пен Төлепберген Әбдірашев бастаған дарындар осы бір кішкентай ғана ауылдан шыққан.
Өнер алды қызыл тіл болса, одан кейін — музыка мен сурет салу деп есептеймін.
Музыка дегенде, ағамыз Бәден Айсынов бастаған Айсыновтар әулетін айтпай кетуге болмас.
Қолөнер шебері мен музиканы қатар алып жүрген, Әлшекей күйлерін кейінгі ұрпақтарына жеткізген Райымбек бабадан бастау алып, Айсын мен Нұрсұлтан атамыздан тараған өнерлі Жарқынбек, Еркінбек, Бәден, Қуан есімді ұлдары мен олардан тараған ұл қыздарға, тіпті келіндерге дейін берілген.
Сенбесеңіздер «Айсыновтар отбасылық ансамблі» өнерін тамашалап көріңіз.
Әлшекей демекші, өткен 30-қаңтар күні Жаңақорған аудандық мәденинет үйінде өткен жылдың мәдениет саласы бойынша атқарылған жұмыстардың қортынды концерті болды.
Сахына шымылдырығы Бесарық ауылы тұрғындарынан құралған, "Әлшекей" атындағы халық аспаптар оркестрі ашты.
Бұл жоғарыда айтылған Бәден Айсынов ағамыз басқаратын өнер ұжымы.
Бәден ағамыз аудан төрінде төл туындылары "Егемен Қазақстан", мен " Наурыз" күйін шырқағанда іс-шараның шырайы кіріп сала берді.
Жалпы қаймағы бұзылмаған қазақы ауыл, Бесарық өңірі — Қызылорда облысындағы табиғаты әсем, жасыл-желек, салқын самал, таза ауа, таза су, ғажап ауыл.
Сыр елінің нағыз Швейцариясы, Қызылорда облысының оңтүстік- шығысындағы Қаратау бөктерінде, Бесарық өзенінің бойына орналасқан ең шеткі ауылы.
Өткен ғасырдың 30-жылдарына дейін өзен бойында алпыс екі су дирмені, жетпістен астам бау, алпысқа тарта керіз бен тұма қазылып-көтерлілген егін егіп, бау-бақша тігіп отырықшы болған қазақтын өзгеше ауылы.
Октябрь революциясына дейін осы аумақтағы халықты ұн, жеміс-жидекпен қамтамасыз еткен ірі орталық.
Осындай жерден өнер адамдарының шығуы заңды құбылыс екені анық.
Үй саны- үш жүзден сәл-ақ асатын ауылдан, бұл дегеніміз қаладағы бір ғана көпқабатты үй секілді шағын ауылдан Манап Көкенов, Жүсіп Қыдырып, Адырбек Сопыбеков, Төлепберген Әбдірашовтар шыққан. Менің туған бауырым Бақдәулет Абибуллаұлы марқұм да жерасты су саласының белгілі ғалымы, техника ғылымдарының докторы, су соратын төрт түрлі мотор конструкциясы мен онға тарта оқулық және оқу құралдарының авторы екенін біреу білсе, біреу білмейді.
Хош, айтайын дегеніміз Айсыновтар әулеті ғой...
Өнерлі әулеттің үлкені Бәден Айсынов 1946 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы ”Бесарық" ауылында диірменшінің отбасында дүниеге келді.
1954 жылы Бесарық мектептің 1 классына оқуға барды.
1961 жылы 7 классты тәмамдап, сол жылы Шымкент музыкалық училищесінің домбыра класына оқуға алынды.
1965 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы өнер институтына түсіп, 1970 жылы тәмамдады.
Еңбек жолын Жетісай қаласындағы Ж. Шанин атындағы муз-драма театрына дерижер болып бастаған.
1973 жылдан 1981 жылға дейін Қызылорда қаласындағы “Балалар музыка мектебінде” директор болып қызмет етті.
Одан соң, өзінің туған ауылына келіп, туын тігіп, қазығын қақты. Өнер мектебін ашып, осы мектепті ұзақ жылдар басқарды.
Ауыл тұрғындарынан құралған, “Әлшекей” атындағы халық аспаптар оркестрін ұйымдастырды.
Сонымен қатар, “Айсыновтар Жанұялық - отбасылық ансабльін” құрып, екі ұжым да халықтық мәртебесіне көтерді.
Екі өнер ұжымы да осы күнге дейін ауыл -аудан, облыс орталықтарында да өз өнерлерін көрсетіп, халық музыкасын дәріптеп жүр.
Бәден Айсыновтың бірнеше күйі мен әндері өнер ұжымдарында жарыққа шығарып, өз репертуарларына пайдалануда.
Атап айтқанда “Егемен Қазақстан”, “Наурыз” , “Жеңіс”, фортепиано мен домбыраға арналған “Юмореско”, “Экосез”, “Әлшекей сарыны”, “Туған ел”, “Шопан қыздың әні”, “Бесарығым”,- деген әндері халықтың құлағында.
Мысалы- “Әлшекей сарынын” Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі орындаса, “Наурыз” күйін “Тарту” тобы орындайды.
Бәден ағамыз бен Айымкүл жеңгеміздің үш ұл, он алты немересі, 2 шөбересі бар. Барлығы да музыка деген ұлы өнерден хабары бар, шығармашыл жандар.
Мысалы, өзінің өнердегі ізін жалғастырушы ұлы Айсынов Сырым - Түркістан қаласындағы “Ақжайық” музыка мектебінің директоры.
Жалпы, бұл отбасыдан тараған Жексен Айсынов Ұлттық консерваторияда жұмыс істесе, Сәкен Айсынов ініміз облыс көлеміндегі ықты пианист- музыканттардың бірі. Келіндер мен немерелері де өнерден құралақан емес. Жоғарыда айтып өткенімдей бұл әулетке өнер түгел дарыған.
Осындай ауылдан шығып, ұлттық өнерді насихаттап жүрген шын таланттарды кейінгі жас ұрпақ, алыс-жақын ағайын, барша қазақ елі білсін деп жазып отырмын.
Айсыновтар әулетіне шығармашылық өрлеу тілеймін.

Жаңақорған ауданының "Құрметті азаматы"
Үмбет Абибуллаев
24 наурыз 2024 ж. 159 0