№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тау етегіндегі таланттар отауында

Тау етегіндегі таланттар отауында

  Ағаштары берік бекітіліп жасалған құрал бірнеше жыл бұрын осында табысталған сәтте жарамсыз күйге айналуға сәл қалған. Қамқор қолдарға түскен соң, қалпына келтіріліп құнды жәдігерге айналған. Мұнда одан басқа қаншама қолданыстан қалып бара жатқан қазақтың кешегісі мен бүгінін айшықтайтын дүниелер көп екен. Былтыр облыста 174 клубтың ішінен үздік шыққан Бесарық ауылдық клубының есеп беру концертіне арнайы келген топты тосылтып, еріксіз назар аудартқан ескерткіштерді бір-бірлеп көрдік.
  Одан арғы кезекте мәдениет үйі өнерпаздары «Ұлы даланың жеті қыры» әдеби сюжеті осындай бай тарихымызға бойлап, кешегі ата дәстүрдің айнымас қазығы салтымыз мен дәстүрімізден сыр шетті. Көріністе жер жүзіне атқа міну мәдениетін алып келген бес қаруын асынған салт атты жауынгер бейнесі, Алтын адам мен көшпенділер мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани болмысының айшықты белгісі, адам мен табиғаттың өзара байланысын көрсететін символы – аң стиліндегі адам көрінісі бейнеленіп, ұлы керуен көші – «Жібек жолы» мен алма мен қызғалдақтың Отаны – қазақтың кең даласының ғажайыбын айшықтайтын сахна бедерленіп, көрініске көзіміз тойып, түркі жұртының ортақ мекеніне айналған Қазақстанның бай да бақытты ұрпағы екеніңді жеткізген қойылымнан кеудемізді мақтаныш кернеді.
  Иә, бұл ауыл атақты жырау Құлан Алдабергенов, ақын Жүсіп Қыдыров, Адырбек Сопбеков, Байбота Қошым-Ноғай сынды дарындардың кіндік қаны тамған жер. Ауылдық клубтың бүгінгі есепті концертінде сол дәстүрдің жалғасын танытты.
Алдымен «Әжелер» ансамблі ән­нен шашу шашса, одан әрі жергілікті ақын Ерсұлтан Мұстафаев «Туған жерге тағзым» жыр шумақтарымен көрерменді сусындатты. Ислам Нағызхан атты өнерпаз «Ата-ананың қадірі» әнін баянмен орындаса, Қалмахан Нұрлыбек, Берік Мамуовтар қазақтың қара домбырасын әуелете ән салды. Бақтияр Ахметов, Сәкен Айсынов Кенжебек Күмісбековтың «Поэма» шығармасын орындады. Байқағанымыз, ауыл өнерпаздары жас­тармен толыққан екен. Жас бишілер Рахат Ниетәлі, Қымбат Батыр­­хан «Сезім гүлі» биінде жұп­тасып өнер көрсетсе, «Мереке-Думан» би ансамблі, Абайдың «Кө­зім­нің қарасы», «Еркежан» әніне мың бұрала биелесе, Айсыновтар халықтық отбасылық ансамблі Бәден Айсыновтың «Егеменді Қазақстан», «Наурыз» күйлерін орын­­дап, көрермен көзайымына айнал­ды. Оркестр әншілері Гүлзира Айсы­нова, Алмагүл Мақсұтова Т.Әбіл­қасы­мовтың сөзіне жазылған Бәден Айсыновтың «Бесарығым» әнін тамыл­жыта орындады.
  Жиынды қорытқан аудандық мә­де­ниет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аягөз Айдосова ауыл өнерпаздары мен өнер мектебі, клуб үйінің жетістіктерін саралай келе, шараның жоғары деңгейде өнер көрсеткен ұжымға алғысын білдірді. Одан «Айсыновтар» ансам­блінің көркемдік жетекшісі Бәден Айсыновты, «Мереке-думан» би үйірмесінің жетекшісі Өмірзақ Оспан­бековты, клуб сүйемелдеушісі Рашид Мелдебековты, әнші Олжас Ормахановты аудан, облыс бас­шылығының «Алғыс хатымен» марапаттады.


Әйгерім МӘДИҚЫЗЫ

26 желтоқсан 2020 ж. 561 0