Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шуақты күндегі мереке

Шуақты күндегі мереке


Ұлыстың ұлы күнін бүгінде балалар да асыға күтеді. Бұл күні ұлттық өнерді ұлықтап, салт-дәстүр мен спорттық ойын түрлері дәріптеледі. Әсіресе, балабақша тәрбиеленушілерінің өнеріне сүйсініп, талабы мен талантына тәнті боласың. Атаулы мерекеде «Бәйтерек» балабақшасының балғындары наурыз тойына рухани көңіл-күй сыйлап, өнерлерін ортаға салды.


Балабақшаның кішкентай бүлдіршіндері өю-өрнектеп тігілген, көз жауын алатын киімдерді киіп, «Қамажай», «Адай» биін билеп, ән салып, ұлттық ойындар – қазақша күрес, қол күрестен білек күшін салыстырып, көрермендерді таң қалдырды. Сонымен қатар Наурыз мерекесіне арналған ұлттық нақыштағы бейнеленген киіз үйдің ішіне қазақтың кебежесін, шымылдығын, ат әбзелдерін, ыдыс-аяқтарын қойып безендіріп, қызықты көріністер сахналанды. Өнерлі тәрбиешілеріміз «келін түсіру», «тұсау кесу», «баланы бесікке салу», «шашу» шашу сынды ұлттық көріністерін көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді.
Мерекелік кеш ән мен биден соң бала ақындардың айтысы­на жалғасты. Соңына қарай қазақтың дәстүрлері дәріптелді. «Тұсау кесер» салтын жасап, бүлдіршіннің тұсауын кесті. Қазақ өзі ырымшыл халықпыз ғой, бала өмірге келген сәттен бастап барлық жоралғыны жасап, дәстүрді дәріптеп отырады. Міне, бұл салт балабақшадан да көрініс тауып келеді.
Мерекеге келген ата-аналар дән риза болып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты. Шара соңында қонақтар арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм татып, баталарын берді.
Ұлық мерекені балабақшада атап өтудегі басты мақсат – салт-дәстүр, наурыз құндылықтарын дәріптеу болатын. Бұл бала тәрбиесіндегі басты қағида. Ал оған кез келген ата-ана жұмыла қатысып жатса ұлттық тәрбиенің мақсат-мұраты орындалды дей беріңіз.

Аманкүл Есмұрзаева,
Жаңарық ауылы «Бәйтерек» балабақшасы

23 наурыз 2024 ж. 251 0