Сунақ ата ауылында наурыз тойы тойланды

Әз-Наурызды Сунақата ауылдық округінің әкімі А.Жұмаділлаев ашып, мекеме басшылары мен ауыл ардагерлері мерекелік құттықтауларын жеткізді. Ауылдық клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама беріліп, өнерпаздар өнерлерін көрсетсе, спорт кешенінің, демеушілердің қолдауымен ұлттық спорт түрлері яғни, арқан тарту, қол күрес, қазақша күрес, гір тасын көтеруден спортсүйер жастар бақ сынасты. Жеңімпаздарға арнайы сый - сияпаттар табысталды.
Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шараны тамашалауға келген тұрғындар бір біріне жақсы тілектері мен жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.