Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 530

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдері арасындағы әуе рейстерінің саны артады

Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдері арасындағы әуе рейстерінің саны артады

Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдері арасындағы әуе рейстерін арттыру туралы шешім қабылданды

«Алматыда Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер өтті. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Корея Республикасының Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Йонг Кук Киммен кездесу өткізді», - делінген хабарламада.

Тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 10-нан 42-ге дейін ұлғайтуға келісті.
Сондай-ақ аптасына 40 жүк рейсін, оның ішінде «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану құқығын беру туралы келісімге қол жеткізілді.
Келіссөздер барысында бағыттар мен белгіленген тасымалдаушылар санына қойылған шектеулер алынып тасталды, бұл бәсекелестікті арттырып, елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтеді.
Тараптар әуе тасымалдаушыларының екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын орнату ниеттерін қолдады.


22 наурыз 2024 ж. 469 0