№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 20 ЕЛГЕ ВИЗА РӘСІМДЕМЕЙ-АҚ БАРА АЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 20 ЕЛГЕ ВИЗА РӘСІМДЕМЕЙ-АҚ БАРА АЛАДЫ

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлайды.

«Қазақстан ұлттық жалпыазаматтық төлқұжат иелері үшін визалық талаптардан босату туралы 20 елмен екіжақты келісімдерге қол қойды», - делінген ведомствоның жауабында. 

Атап айтқанда, оларға мына елдер кіреді: 
1. Әзірбайжан (30 тәулікке дейін); 
2. Аргентина (30 тәулікке дейін); 
3. Армения (90 тәулікке дейін); 
4. Беларусь (90 тәулікке дейін); 
5. Бразилия (30 тәулікке дейін); 
6. Гонконг (14 тәулікке дейін); 
7. Грузия (90 тәулікке дейін); 
8. Оңтүстік Корея (30 тәулікке дейін);  
9. Куба (30 тәулікке дейін) - күшіне енген жоқ; 
10. Қырғызстан (90 тәулікке дейін); 
11. Молдова (90 тәулікке дейін); 
12. Моңғолия (90 тәулікке дейін); 
13. Ресей (90 тәулікке дейін); 
14. Тәжікстан (30 тәулікке дейін); 
15. Өзбекстан (30 тәулікке дейін); 
16. Украина (90 тәулікке дейін); 
17. Сербия (30 тәулікке дейін); 
18. Түркия (30 тәулікке дейін); 
19. Эквадор (30 тәулікке дейін); 
20. БАӘ (30 тәулікке дейін). 

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі өз құзыреті шегінде тұрақты негізде елдің инвестициялық және туристік тартымдылығын арттыру және Қазақстан Республикасының визалық режімін қауіпсіз түрде ырықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. 

Қазіргі таңда 45 елдің азаматы Қазақстанда күнтізбелік 30 күн мерзіміне дейін визасыз жүруге құқылы. 
05 тамыз 2018 ж. 907 0