№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Мұхтар Тілеуберді Қырғызстанның Сыртқы істер министрімен кездесті

Мұхтар Тілеуберді Қырғызстанның Сыртқы істер министрімен кездесті



Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен «С5+1» форматындағы Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының министрлік кездесуі шеңберінде келіссөздер өткізді.
Қос тарап дәстүрлі достық және сындарлы сипатта екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, бауырлас елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілділігін атап өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 26 мамырдағы Қырғыз Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруда оң динамика қанағаттанушылықпен атап өтілді.
Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Халықаралық аренада өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірілді.
28 ақпан 2023 ж. 514 0