№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері көбейеді

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері көбейеді


Қазақстан мен Түркияның авиациялық билік органдары ресми келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды
 Egemen.kz.

Келіссөздерге қазақстандық Air Astana және SCAT әуе компанияларының өкілдері, сондай-ақ түрік әуе компанияларының – Turkish Airlines, Pegasus Airlines, Tailwind Airlines, Freebird Airlines өкілдері қатысты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы рұқсат етілген рейстердің санын 2 еседен артық, әр тарап бойынша аптасына 40-тан 93 рейске дейін, оның ішінде Нұр-Сұлтан – Ыстанбұл бағыты бойынша рейстер санын 7-ден 14-ке дейін, Алматы – Ыстанбұл бағыты бойынша аптасына 13-тен 21-ге дейін арттыру, сондай-ақ екі ел аумағындағы рейстерге арналған жаңа қалалар қосу туралы келісімге қол жеткізілді.

Бәсекелестікті дамыту және әуе билеттерінің құнын төмендету мақсатында қазақстандық тараптың бастамасымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Ыстанбұл қалалары аралығындағы бағыттарда баламалы екінші әуе тасымалдаушыларын міндетті түрде белгілеу бекітілген, бұл жолаушылар үшін әуе компаниялары арасындағы таңдауды кеңейтеді. Елдер арасындағы рейстер санының айтарлықтай артуы ТМД елдерінен Түркияға Қазақстанның әуе тораптары арқылы өсіп келе жатқан транзиттік жолаушылар ағынын қамтамасыз етуге де ықпал етеді.
28 шілде 2022 ж. 264 0