Есірткісіз болашақ: қоғам үні
Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ал олардың денсаулығы мен жарқын болашағы – қоғамның басты байлығы. Алайда қазіргі уақытта есірткі мәселесі жас ұрпақтың өміріне қауіп төндіретін өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Менің ойымша, есірткісіз болашақ құру – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың міндеті.
Есірткі адам денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, адамның арманына, отбасына және болашағына балта шабады. Кейде жастар қызығушылықтың немесе достарының ықпалының әсерінен қате таңдау жасауы мүмкін. Сондықтан әрбір жас өз өмірінің бағасын түсініп, кез келген шешімге жауапкершілікпен қарауы қажет.Мен есірткісіз қоғам қалыптастырудың ең тиімді жолы – жастарға дұрыс тәрбие беру, спортқа, білімге және шығармашылыққа қызығушылығын арттыру деп есептеймін. Әрбір мектепте салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың бос уақытын пайдалы өткізуіне мүмкіндік жасау маңызды. Себебі спортпен шұғылданған, мақсаты бар жас зиянды әдеттерден аулақ болады.
Қорытындылай келе, есірткісіз болашақ – баршамыздың ортақ арманымыз. Біз өз таңдауымызға жауапты болып, бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Жарқын болашақ өз қолымызда!
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Қыраш ауылы
№180 орта мектебінің
8-сынып оқушысы
Олжабай Жұпар Ерболқызы




