№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қазақстан мен Түрікменстан әуе қатынасын қалпына келтірді

Қазақстан мен Түрікменстан әуе қатынасын қалпына келтірді



26 наурыздан бастап тұрақты жолаушылар рейстері қайта жанданады
Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын жаңарту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.   Осылайша, "Түрікменстан" әуекомпаниясы 2023 жылдың 26 наурызынан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер Алматы-Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен сейсенбі және бейсенбі күндері "Боинг-737" үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалатын болады", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.   Әуе қатынасын жаңарту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.   Бұған дейін Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе рейсі іске қосылатыны хабарланған болатын.
12 наурыз 2023 ж. 123 0