«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ: ҚОҒАМ ҮНІ»
Бұл — өз өміріңе өзің балта шабу, қоршаған ортаңды қауіпке ұшырату. «Нашасыз адамдар жұмыс істей алмайтын еді» деген қате түсінік бар. Шын мәнінде, есірткісіз-ақ адал еңбек етіп, отбасын құрып, бақытты ғұмыр кешіп жүргендер қаншама?! Бақытты болу — әркімнің өз таңдауы. Өз өмірің өз қолыңда, оны ешкім сен үшін шешіп бере алмайды.
Заңға бағыну, тәртіпті болу — саналы азаматтың белгісі. Егер адамда бойында кішкене де болсын адами қасиет пен тәрбие болса, ол өз отбасына, жақындарына ондай қасіретті тілеу түгіл, ойына да алмайды. Есірткі — бұл мидың улануы, сананың ғана емес, бүкіл өмірдің күл-талқан болуы, барлық бақытты сәттерден мәңгілікке айырылу.
Есірткісіз болашақ қоғам — ол нағыз бақыт. Ал адал еңбек — соңы қуаныш пен мақтанышқа жетелейтін жол. Барлығы еңбек етіп, ақша тауып, ата-анасына қамқор болып жатса, содан асқан бақыт бар ма? Адал өмір сүріп, әрбір сәтке шынайы күлімсіреп қарау — елімізге тілейтін басты тілегіміз. Бәріміз тәрбиелі, өнегелі, заңға бағынатын болсақ, бұл елді кім жаман дей алады? Елді көркейту де, жарқын болашақ құру да тек өз қолымызда.Нашақорлық — өз өміріңе балта шабумен тең қасірет. Ал,бақыт деген сенің тыныш та алаңсыз өмірің.
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Қыраш ауылы
№180 орта мектебінің 6-сынып оқушысы
Бауыржанқызы Аякөзайым


