Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жолдау-2026: Логистика тамырына қан жүгіреді

Жолдау-2026: Логистика тамырына қан жүгіреді



Дамыған көлік логистикасы болмаса, тіпті бүгінгі күшті ел ертең құрдымға кетеді. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Еуразиядағы жетекші логистикалық орталықтың біріне айналуы үшін тарихи мүмкіндікті, мүлт жібермеуді жүктеді. Президент пәрменінен кейін қандай байыпты бағдарламалар іске қосылып, қандай жоба-жоспарлар жүзеге асады?

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Біз Қазақстанның барлық аймағын байланыстыратын, яғни еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтетін заманауи, өте дамыған теміржол және көлік жолдарының тұтас желісін құруымыз керек. Бұл – стратегиялық міндет. Президент өз сөзінде логистика тамырына қан жүгірту үшін инфрақұрылымды дамытуға баса мән беру қажеттігін айтты. Бұл бағыт бойынша жыл соңына дейін қос бірдей теміржол жобасы аяқталады. Бұл – «Дарбаза – Мақтаарал» және «Қызылжар – Мойынты» құрылысы. 3 мың шақырым теміржол желісі жаңғыртылатыны тағы бар. Ал автомобиль жолдарының 95 пайызы талапқа сай болуы тиіс. Сондай-ақ көлік-логистикалық орталықтарының саны 67-ге жетеді.
12 қараша 2026 ж. 22 0