Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылша ауруының қауіптілігі

Қызылша ауруының қауіптілігі

Қызылша ауруының қауіптілігінің төрт себебі бар.
Бірінші: қызылша өте жұққыш. Ол үшін аурумен тікелей байланыстың қажеті жоқ, дәлізде бірге кезекте отырудың өзі жеткілікті, жұқтыру ықтималдығы 100 пайыз дерлік. Оның үстіне адам үй-жайдан шығып кеткеннен кейін де вирус ауада екі сағат бойы сақталады.
Адам симптомдар пайда болғанға дейін төрт күн бұрын жұқтырған болуы мүмкін, сондықтан өзгелерге қауіпті екенін ол біле алмайды. Сондықтан да қоғамдағы ұжымдық иммунитет деңгейі 95% болуы керек.
Екінші: қызылша күрделі асқынуға алып келеді. Ауырған әр төртінші адам мынадай асқыну түрлерінің біріне ұрынады: отит, бронхит, пневмония, энцефалит, кереңдік, психиканың бұзылуы. Әр төртінші ауру ауруханаға жатқызылады. Ауырған мың адамның біреуі дамыған елдердің өзінде ең жақсы күтім болса да қайтыс болады.
Үшінші: кейін пайда болатын салдарының қатері. Қызылша әкелетін қауіптің бірі — жедел склероздаушы панэнцефалит. Ол ауырып тұрғаннан кейін, баланың ауыруы жеңіл өтсе де, 2–10 жылдан кейін пайда болуы мүмкін. Оның жиілігі: 2 500 жағдайдың ішінен біреу. Егер қызылшамен 5 жасқа дейін ауырған болса, онда статистика — 1300 жағдайдан біреу. Ал егер бала бір жасқа дейін ауырса, бұл қорқынышты асқынудың жиілігі одан да көп: 600 жағдайдың ішінен біреу. Жеделдеу склероздаушы панэнцефалит құрысуға, жүріс-тұрыстың өзгеруіне, біртіндеп сал ауруына және когнитивтік функцияларының толық тоқтауына әкеледі. Бұл асқыну емделмейді, адам біртіндеп және қиналып өледі.
Төртінші: қызылша иммундық жадыны жояды. Бұл әккі вирус біздің иммунитетімізді бұған дейін таныған барлық инфекцияны бірнеше айға ұмыттырады. Бала жіті респираторлық вирустық инфекциялардың бәрімен қайтадан ауырып, барлық екпені салып шығуы керек болады. Сондықтан да балалар қызылшамен ауырып шыққаннан кейін сол аурудан емес, басқа инфекциядан өлуі мүмкін.
Қызылша сырқатынан ең сенімді қорғау тәсілі – ол екпе! Екпелер профилактикалық екпелердің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес тегін жасалады.Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау баланың 12 айлығында  және 6 жасында жасалады.
Ата –аналарға балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы екпе алудан қалдырмауды ұсынамын!

Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы Ш.Айдарова
21 наурыз 2024 ж. 201 0