Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауданда қызылша ауруына қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде.

Ауданда қызылша ауруына қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде.



Аудан бойынша қызылша ауруына күдікті 107 науқас есепке алынды, оның ішінде зертханалық нақтыланғаны 15,8 пайызы, 17 жағдай. Республика бойынша қызылша ауруын тұрақтандыру мақсатында 6-10 айлық және 2-4 жас аралығындағы балалар арасында қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде. Аудан бойынша 6-10 айлық 756 бала қызылшаға қарсы иммундаумен қамтылды және 2-4 жас аралығындағы 5495 баланың 4299 қызылшаға қарсы қосымша егумен қамтылды. 
Қызылша ауруының ауру көзі – науқас адам. Вирус ауа-тамшы жолы арқылы, сілемей тамшылары арқылы, түшкірген кезде, сөйлеген кезде таралады. Ауа ағымымен вирус айтарлықтай қышықтыққа таралуы мүмкін. Қызылшамен ауыратын науқас болған үй-жайдың ауасымен тыныс алған кезде қызылша жұғуы мүмкін. Егер адам қызылшамен ауырмаған болса және осы инфекцияға қарсы егілмеген болса, онда науқаспен байланыста болғаннан кейін негізінен жағдайдың 100%-да жұғу орын алады. 
Қызылшамен ауыратын науқас айналасындағылар үшін 7-10 күн ішінде қауіпті болып табылады. Адамдардың табиғи сезімталдығы өте жоғары, ауырып сауыққаннан кейін адамдарда өмір бойына иммунитет пайда болады. Қызылшамен қайталап сырқаттану жағдайы өте сирек кездеседі.
            Қызылша аурының белгілері:басынан бастап таралатын, дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін бүкіл денеге бөртпелер шығуы; ауыз қуысындағы ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) және қызыл дақтар.
Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және қосымша ауыр аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Вакцинациялау үшін қызылшаға қарсы қауіпсіз және тиімді вакцина қызамыққа және паротитке қарсы компонентпен біріктірілген.
Аурудың алдын алуда ұсынымдар:
- ата-аналарға өз баласының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация жасалмаған жағдайда – қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алу;
- Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерге барып, қызылша ауруына тексеруден өтіп, оның барлық нұсқауларын орындау қажет.

Шынар Айдарова
Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы 
27 желтоқсан 2023 ж. 248 0