№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылша ауруының алдын алу жайлы

Қызылша ауруының алдын алу жайлы


Қызылша - бұл өте кең түрде таралған инфекциялық ауру.
Бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланысқа түссе, ауырып қалу мүмкіндігі өте жоғары.
1963 жылы қызылшаға қарсы вакцина егуге және вакцина егу кеңінен тарағанға дейін, қызылша ауруының ірі эпидемиясы 2-3 жылда қайталанып, жылына 2,6 миллионға дейін өлім жағдайлары тіркелген.
Қызылша – қазіргі таңда ең жұқпалы аурудың бірі болып табылады, көбінесе балаларда кездеседі.
Иинфекция ауа-тамшылы жолы арқылы беріледі, инфекция көзі – ауру адам, вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді.
Қызылша ауруының белгілері: аурудың инкубациялық кезеңі 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен басталады, дене қызуы 38-40 градусқа көтеріледі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтар пайда болады. Ең алдымен олар құлақтың артында және маңдайда пайда болып, содан кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады, ұақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылып кетеді. Аурудың асқынуының ең көп тараған түрі ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), соқырлық, бронхтық пневмония, мойын лимфоузолдарының қабынуы, ларингит, энцефалит.
Қызылшаның дамуын байқаған сәтте кешіктірмей дәрігерге қаралу керек.
Алдын алу жағдайлары: қызылша ауруының алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады, ең алғашқы вакцинацияны балаларға 12 айлығында, екіншісін 6 жаста жасайды, екпе 15 жасқа дейін өте сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Р.Ахметова
Жаңақорған аудандық СЭББ-сы
бас маманы
15 наурыз 2024 ж. 296 0