№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оқшау ой: Көше тазалығы кімге керек: Әкімдікке ме, тұрғындарға ма

Оқшау ой: Көше тазалығы кімге керек: Әкімдікке ме, тұрғындарға ма


Ауданымыздың келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекпен өлшенбеуі керек.Туған жеріміздің ажары оның тазалығына да байланысты. «Тазалық табалдырықтан басталады» демекші әр тұрғын өзі тұратын ауланы ретке келтіріп, ұқыпты ұстаса ол мәдениет пен талғамның белгісі болмақ. Осындай тазалыққа мән беріп көктем және күз мезгілдерінде кент әкімдігінің қадағалауымен қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтар мен азаматшалардың сенбілікке шығуы дәстүрге айналған. Дегенмен кейбіреулері өз үйінің ішкі жинақылығымен ғана шектеледі. Себебі, қоқысты көшеге төгіп, лақтыра салатындар көп. Сол кісілерге сіз неге тастайсыз, қоршаған ортаға тым болмағанда зияныңыз тимесін деп көріңіз, өзіңізге ұрсып береді.Бұдан не байқайсыз? Демек, бұл кісінің шынайы келбеті көше тазалығына келгенде көрініп қалғаны айқын.

Тазалық – денсаулық кепілі екенін ескерсек, деннің саулығы қоршаған ортаның тазалығына тікелей байланысты. Алайда, көше тазалығына атүсті қарағандықтан тау-тау болып үйілген тұрмыстық қалдықтан көз ашу әзірге мүмкін болмай тұр. Оны байқап та жүрміз. Дамыған шетелдерде тазалық мәселесі түбегейлі шешімін тапқан. Мәселен, Сингапур мен Малайзияның тұрғындары тазалық жағынан өте ұқыпты. Егер көшеге адам темекі тұқылын тастаса, 200 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлейді. Ал көліктің дөңгелегі кір болса, 500 доллар төлеуге міндеттісің. Сондай-ақ Германияда тазалықты таңнан кешке дейін комиссарлар қадағалайды. Ережеге бағынбайтындарға заң қатал. Тіпті әрбір қадам сайын қоқыс жәшіктері темекіге, бөтелкеге, сағыз, шемішкеге арнайылап қойылған. Ал Швейцария әлемнің «таза мекені» деп есептеледі. Өйткені қала ғана емес, кішкентай елдімекен көшелерінің өзі мұнтаздай таза бұл елде. Әрине біздің аудан тазалық жөнінен әзірге Швейцариямен теңесе алмаса да, теңесу жолында кент әкімшілігі жанынан жұмыстар жасалып жатқаны анық.
Айта кетеніні, сол жұмысты әр тұрғын өз ауласын таза ұстаудан бастап және тазалық сақтауды ұрпағына үйретсе, ауылымыздың көрікті болуына үлес қосқан болар едік. Жас ұрпаққа отбасында, мектеп бағдарламасында тазалық жөнінде айтылса артықтық етпейді. Құзырлы орындар да көшені ластайтын тұрғындарды тәртіпке шақырып, қажетті жерінде айыппұл салып, қолға алса жаман болмас еді. Әйтпесе, жоғарыда айтылған кент әкімдігінің қадағалауымен жұмыс атқаратын кісілердің қатары жасы келген аға-апа екенін көзіміз көріп жүр. Тым болмағанда сол кісілердің еңбегін бағалайық.
Айта кету керек, тазалық сақшыларының жұмысы әлдебір мәдени-көпшілік шара өтетін уақытта немесе тазалық айлығы өтетін сәттерде науқанға айналуы аталмыш мәселені түпкілікті шеше алмайды.
Сондықтан өзімізде атсалысып, ауылдың, көшелердің көрікті болуына жанашыр болайық. Мұндай бастаманы әр тұрғын өз ауласынан ғана емес, тұратын көшесінің бастап мән берсе, экологиялық таза ауданға айналар ма едік деген ой келеді.

Лаура Бибасарова

18 маусым 2022 ж. 252 0