№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Табиғатқа тазалық тән

Табиғатқа тазалық тән



Адам – табиғаттың төл перзенті. Міне, көктем де келді.Табиғаттың оянуы қардың еруімен, құстардың жылы жақтан ұшып келуімен және бәйшешектердің алғашқы гүлдеуімен жалғасады. Осы кезде қыстың аяқталғанын білдіргендей қардың астынан қыс бойы жиналған қоқыс қылаң беріп, кенттің сәнін кетіреді. Сондықтан да көктемнің алғашы айларында тазалық жұмыстары кеңінен жүргізіледі.
«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деген тәмсілдің астарында қаншама мән-мағына бар десеңізші. Тек, ісіміз бен сөзіміздің үйлеспей тұрғаны көңілге қаяу салады. Өткен жұма күні Қорасан ата көшесін бойлап келе жатып, шашылған қоқыстарды, желмен ұшып жүрген қызылды-жасылды пакеттерді көзім шалды. Ұяласың! Сенбі күні қайта орталыққа бет алып едім, айнала мұнтаздай тап-таза, көз сүйсінеді. Өйткені кентте кезекті сенбілік өтті. Аудан көлемінде жүргізілген қызу тазалық жұмысына барлық мекеме қызметкерлері жұмылдырылды. Бұл – керекақ! Бірақ тазалық кент тұрғындарына емес, мемлекеттік қызметкерлерге ғана керек сынды. Осы сенбілікте көкейге осындай ой қонды. Апта сайын өткізілетін сенбілік шарасы тұрғындардың табиғатқа деген жанашыр қарым-қатынасын қалыптастыруға және кенттің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталып-ақ келеді. Себебі қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалық табалдырықтан басталады десек, кенттің келісті келбетінің ажарын ашатын тек сәулетті ғимараттар мен жасыл-желек жамылған гүлзарлар ғана емес, бірінші кезекте, оның тазалығы. Шыны керек, ала жаздай қоқыспен алысып, күзде қайта ластанған кейіпке енетініміз рас. Оның міндеті мен ауыртпалығын тазалық мекемесі мен жауапты қызметкерлерге ысырып тастау қисынға келмейді. Әрине олардың бұл тікелей міндеті шығар, бірақ әрбір тұрғын туған өлкеге жанашырлық танытуы тиіс емес пе? Ортақ істе бөле-жарылмай, міндетті жауаптыларға ғана арқалатпай, кент тазалығына тұрғындар болып ортақтасатын кез келді. Еш болмаса үй сырты мен аула тазалығына мән берсек, мүмкін болса көшеге де көз қиығын тастап қою нағыз азаматтық іс болар еді. Бұл сөзімізді кент әкімінің орынбасары Жасұлан Бейсенбиев те қуаттай түсті: – Кенттің тазалығын ұдайы қадағалап, тиісті жерлерге жауапты адамдарды белгілеп, тұрғындарды бір кісідей тазалықты сақтауға шақыру керек. Осындай нақты іске көшетін болсақ, ауданымыз көркейе береді. Ол үшін мекеме мамандары мен көше комитеттері бірлесе жұмыс істесе деген тілегіміз бар. Өздеріңіз де білесіздер, кент келбеті көркейіп, көшелер кеңейтіліп, орташа жөндеуден өтіп, жарықтануда. Кент тазалығы бірдің емес, көптің ортақ міндеті,

                                                                                                                                      Әсел Рзаева
                                                                 
26 наурыз 2023 ж. 275 0