Соңғы жаңалықтар

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Шиелілік Ботагөз Аркашбаева республикалық конкурс жеңімпазы атанды

Шиелілік Ботагөз Аркашбаева республикалық конкурс жеңімпазы атанды

Мереке қарсаңында ауданымыздың тұрғыны Ботагөз Аркашбаева республикалық «Ару ана» конкурсының жеңімпазы атанып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алды.
«Ару ана» республикалық конкурсының қорытындысымен Қазақстан бойынша 20 қыз-келіншек іріктелген болатын. Конгресс-Холлда өткен Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концертте оның 6-ы марапатталды. Жерлесіміздің жобасы «АГРОБИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ЖОБА» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды. Б.Аркашбаеваның «Ешкі сүтін терең өңдеу» жобасы тәулігіне 50 литр ешкі сүтін өңдеуге бағытталған.
Негізгі мамандығы хореограф болғанымен, 2017 жылдан бері «Оразбек» отбасылық шаруа қожалығын ашып, мал шаруашылығымен айналысуды бастаған. Қазір ешкі саны 100-ден асты, Австралия және Германиядан ешкі төлін әкеліп, жергілікті тұқымдармен будандастыру тәжірибесін қолға алған. Алдағы уақытта будандастырылған жаңа тұқымды халықаралық сатылымға шығаруды жоспарлауда.
Ешкі сүтінен ірімшіктің 4 түрін, құрт, май, брынза, сүзбе жасап сатады. Өнімдерге сұраныс өте жоғары болғандықтан, кәсібін кеңейтпек.
11 наурыз 2024 ж. 215 0