№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» ЕШКІ СҮТІ 101 ДЕРТКЕ ЕМ

ЕШКІ СҮТІ 101 ДЕРТКЕ ЕМ

   Бірлік ауылындағы тағы бір берекелі істің бірі – заанин тұқымды ешкіні бағып, сүтін шын мұқтаждарға үлестіру болатын. Жоба көшбасшысы Бақдәулет Сопбеков 6 ай бойы, қант диабеті мен қан аздықпен ауыратын жандарға орыс ешкісінің сүтін тегін таратты.

– Негізі жобаның мақсаты – ешкі сүтінің емдік қасиеттерін пайдалану арқылы қант диабеті дертіне шалдыққандар, жүрек ауруы мен анемияға тап болған ауылдықтарға денсаулығын дұрыстап, иммунитетін көтеру болатын. Шыны керек, жобаның арқасында «екі қолға бір күрек» тауып, тіршілік жасадық. Тұрғындарда дән риза, – дейді Бақдәулет Сопбеков.

   Жарқын жоба шеңберінде Құтжанов Бақытжан мен Салтанат Баймұратова ай сайын шәкіртақыға ие болып, шағын кәсіптің шырайын келтірді. Жалпы, алты ай уақыт аралығында 20 отбасыны тұрақты түрде пайдалы ешкі сүтімен қамтамасыз еткен Бақдәулет Сопбековтың ісі көпке үлгі. Алдағы уақытта ешкі санын көбейтіп, бизнесін кеңейткелі жүрген жас көшбасшының идеясы жеткілікті. Тек ерінбей еңбектеніп, бизнесін жалғастырса болғаны. Мемлекет қолдауын сезінген ауыл жастары алты ай бойы белгілі бір кәсіпке машықтанып, қыр-сырына қанықты. Жоба менторы Нұрбол Бакиров ақүйіктік жастардың құлшынысын айта келе, қашанда қарекетте берекет болатынын тілге тиек етті.
Иә, расында мұның барлығы «Жас прожект» жобасының жарқын жемісі деп білеміз. Ендігі тек аға ұрпақтың жасампаз істерін жалғастыруда жалынды жастарға жүктелер жүк жеңіл еместігі айқын. Себебі, 2019 жыл «Жастар жылы». Бұл бағытта ақүйіктік креативті жастардың да қосар үлесі қомақты.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
---
15 қаңтар 2019 ж. 1 798 0