Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордалық әкім «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясының иегері атанды

Қызылордалық әкім «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясының иегері атанды


Жалағаш ауданы, Ақсу ауылдық округінің әкімі Қанат Ниетқұлов «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясының иегері атанды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған республикалық конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен биыл екінші рет өткізілді. Байқаудың өңірлік кезеңіне 100-ден астам ауыл әкімі өтінім берсе, республикалық кезеңде әрбір облыстың үздік атанған ауылдық округ әкімдері бақтарын сынады.
Конкурс ережесіне сәйкес республикалық кезеңде ауыл әкімдері ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағдайын жақсартуға және жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашуға бағытталған әлеуметтік жобаларын қорғауы тиіс болатын.
Қанат Ниетқұлов республикалық комиссия назарына, алдағы үш жыл көлемінде ауылдық округте жүзеге асырылатын жалпы жобалық құны 340 млн. теңгені құрайтын «Күріш ақтау зауыты мен жем өңдеу цехы», «Күйдірілген кірпіш зауыты» және «Балалар ойын алаңы» жобаларын ұсынып, комиссия мүшелерінің оң бағаларына ие болды.
Республикалық байқауда аймақ намысын қорғаған Қанат Ниетқұлов 2018 жылдан бері Ақсу ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. Ауылдық округте 328 отбасы бар, халық саны 1720 адамды құрайды. Қазіргі таңда, ауыл бойынша жұмыссыздар саны 7 адам болса, атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны бар-жоғы 4 адам ғана болып отыр.
Жерлесіміз өзінің кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейінің арқасында республикалық байқауда жеңімпаздар қатарынан табылды. Жеңімпазға алдағы уақытта қызметіне сәттілік тілейміз.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
21 қазан 2021 ж. 267 0