№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Қазақстан аруы - 2023»: Қызылордалық Ботагөз Нұржігітова вице-мисс атанды

«Қазақстан аруы - 2023»: Қызылордалық Ботагөз Нұржігітова вице-мисс атанды



21 жастағы Сабина Ыдырысова республикалық "Miss Qazaqstan-2023" байқауының жеңімпазы атанды.
Байқау үш кезеңнен тұрды. Қазылар алқасының шешімімен үшінші кезеңге бес ару өтті. Олар: Аяулым Әлімхалиева, Сабина Ыдырысова, Мәдина Әлмұханова Аделина Балғымбаева, Ботагөз Нұржігітова.
"Қазақстан аруы - 2023" конкурсының жеңімпазы атағын алматылық ару Сабина Ыдырысова жеңіп алды. Ол енді Әлем аруларының сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды. Жеңімпаз аруға Тұран университетіне грант пен 5 млн теңге берілді.
Ал Ботагөз Нұржігітова "Қазақстан аруы - 2023" байқауының вице-мисі болды, "Жер аруы - 2023" атағын Аяулым Әлімхалиева иеленсе, "Ғалам аруы - 2023" атағына Мадина Әлмұханова лайық деп танылды.
"Мисс Invictus - 2023" номинациясын Алина Имирова, "Мисс Sun Group - 2023" номинациясын Аяулым Әлімхалиева алды. Бұл екі номинация демеушілердің атынан тағайындалған.
"Көрермен көзайымы - 2023" номинациясын Аделина Балғымбаева иеленді.
"Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауы ұйымдастырушыларының айтуынша, байқауға қатысуға былтыр 20 мың қыз өтінім берсе, биыл 17 мың қыз тілек білдіріпті. Биылғы жартылай финалға республиканың түкпір-түкпірінен 25 ару қатысты, ал былтыр бағын сынағандар саны 23 болған.
25 қыздың 17-сі аймақтық кастингте жеңіске жеткендер, ал қалған қатысушылар жыл басында басталған жарнамалық науқанның нәтижесінде кастинг арқылы іріктелген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, арулардың тән сұлулығы ғана емес, ақылы мен мәдениеті, білімі мен талғамы, сондай-ақ табиғатқа деген жанашырлығы сараланған.
Екі сағатқа созылған байқауда қыздар төрт рет сахна төрінде сән мен сымбатын көрсетіп, интеллектуалды сұрақтарға жауап берді.
Биылғы байқау арулар арқылы көрермен назарын Жер-Ананың проблемасына аударды. Өрт, құрғақшылық, лас ауа, табиғатқа қолдан жасалған қиянат: сахнадағы қойылымның барлығы қай адамның болсын, көкейінде терең ой мен мұң қалдырады.
18 желтоқсан 2023 ж. 333 0