№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Президент"Аруана" байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Президент"Аруана" байқауының жеңімпаздарын марапаттады



Бұл марапат әртүрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобалармен айналысып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген іскер әйелдерге он номинация бойынша табысталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысып, салтанатты жиында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.   Президент ұлтымыздың дүниетанымында әйелдің орны ерекше екенін атап өтіп, сұлулық пен нәзіктік, мейірім мен шапағат - бәрі де әйелдерден бастау алатынын жеткізді.
Салтанатты жиын соңында Мемлекет басшысы "Аруана" үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл марапат әртүрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобалармен айналысып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген іскер әйелдерге он номинация бойынша табысталды.   Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген "Аруана" үздік әйелдер жобасы байқауы жеңімпаздарының тізімі:   1. "Агробизнес саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша - Ақшалова Айгүл Сағымбекқызы;   2. "Үздік IT жоба" номинациясы бойынша - Ақшолақова Фарида Амантайқызы;   3. "Креативті индустрия саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша - Салихова Сәуле Халелқызы;   4. "Жаңа медиа саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша - Нұрғалиева Әсем Болатжанқызы;   5. "Әйелдер мен балалар құқығын қорғау саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша - Бәсенова Несібелі Зариванқызы;   6. "Инклюзивті даму саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша - Әлімжанова Арайлым Мағашқызы;   7. "Ғылым және инновация саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша - Деркач Марина Владимировна;   8. "Әйелдер мен балалардың белсенді құқық қорғаушысы" номинациясы бойынша - Ракишева Ләззат Бекмұханбетқызы;   9. "Кәсіпорынның үздік әйел-басшысы" номинациясы бойынша - Төлеева Фатима Набидуллақызы;   10. "Әйелдер құқықтарын қорғау саласындағы үздік үкіметтік емес ұйым" номинациясы бойынша - Рыль Ольга Владимировна.
08 наурыз 2023 ж. 265 0