Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Нәзік жанды заңгер

Нәзік жанды заңгер


Әйел – әлемнің шырақшысы. Олардың қоғамдағы орны мен отбасындағы рөлі қашанда маңызды. Әсіресе, жанұясы мен қоғамдық қызметті қатар арқалап жүрген аналарға артылар салмақ аз емес. Міне, осындай жандар сапында аудандық прокуратураның кеңсе меңгерушісі қызметін абыройлы атқарып жүрген Фарида Байдалиева туралы ерекше тоқталғымыз келеді.


Қазақ-Ресей университетінің «Құқық» фа­культетін бітірген жас еңбек жолын аудан­дық прокуратурадан бастайды. Мемлекеттің «тоғыз қабат, тор көзді сауыты» саналатын заң ережелерінің сақталуы ондағы қызметкерлердің берік ұстанымымен де сабақтасып жатады.
– Аталмыш саланың ауырлығына қарамастан ұнатқан мамандықты меңгеруге тырыстым. Әсіресе әйел адам үшін отбасы мен қызметті қатар алып жүру үлкен табандылық пен мық­ты жігерді қажет етеді. Осындайда «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер» деген Қаныш Сәтбаев ағамыздың қанатты сөзін қару еттім, – дейді Фарида Пернебекқызы.
Өз жұмысына үлкен жауакершілікпен қа­райтын ол аудандық прокуратураға кіріп-шығатын құжаттар тізімін қалт жібермей, аза­маттардың арыз-шағымын тіркеп, қанағат­тандырылу барысын қадағалайды.
– Халық қашанда заң ережелерінің сақталуын қадағалайтын орган ретінде прокуратураға сенім артады, түрлі жағдайлар бойынша көмек сұрайды. Шешімін таппай жатқан түйіткілді мәселелердің шешілуін заңдық тұрғыда талап етеді. Құпия болғандықтан біз ішкі заңға бағынып, азаматтардың арыз-шағымын жариялай алмаймыз. Қоғам мүшелерін тығырыққа тірейтін түрлі жағдайды көріп, жүрек ауыртар кез аз емес. Осындайда түрлі тағдыр иелеріне адамдық көңілмен жаның да ашиды, – деп ағынан жарылды кейіпкеріміз.
Мамандығын сүйген, оның қадіріне жет­кен замандасымыз қызмет салмағын бірге бөлісіп келе жатқан әріптестеріне де алғы­сын жаудырып, ұжымда жұдырықтай жұмыл­ған ауызбіршіліктің бар екенін айтты. Солардың қатарында Ками­ла Төлегенова мен Ақмарал Исабек сынды әріптестерінің еңбегіне айрық­ша тоқталды. Қызметінде кездескен әрбір қиындықты ұжым болып шешуді ұстанатын Фарида өз ортасында үлкен беделге ие. Ал өзі жұмыс барысында қанша қиындықпен бетпе-бет келсе де жігері жасымай, ер жігітке бергісіз мінезімен төзімділік танытуға тырысады. Қайткенде мамандығына деген ыстық ықыласына шаң жуытқысы жоқ.
Ол қызметімен қоса үй шаруасын дөңгеле­тіп отырған аяулы ана, отбасының ұйытқысы, ибалы келін, асыл жар.
Прокуратураның ішкі жұмыстарын ұйым­дастырумен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласатын Фарида Байдалиеваның еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Ол облыс және аудан прокурорының, сонымен қатар облыс және аудан әкімнің «Алғыс хатымен» бірнеше рет марапатталған.
Заң саласында жиырма жылға жуық табандылықпен еңбек етіп, еңбегі биік мін­берлерде лайықты бағаланып жүрген Фари­да Пернебайқызының кәсібіне адалдығын замандастарына үлгі етуге болады.

Айсұлу Алданазар
07 наурыз 2024 ж. 213 0