№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Қызметім – ел үшін»

«Қызметім – ел үшін»

Тынымсыз тіршілікке зер сала қарасаңыз, бейнеттен бас алмай, жақсылыққа жол бастап жүрген қаншама тұлғаларды байқайсыз. Өлшеусіз еңбегінің өтеуін де, сырғыған уақытының құнын да күйттемей халыққа сыйы артқан мамандар арасында бір бөлімнің білдей бас маманы Әбужүсіп Бакиров те бар. Мерейлі мереке қарсаңында оның өзгелерге ұқсамайтын іскерлігі мен біліктілігін насихаттауды жөн көрдік.

Ауданда мың жарымнан аса мемлекеттік қыз­меткер бар, олардың арасында іскерлік қарым-қабі­летімен, дара болмысымен танылғандар жетерлік. Салалық бөлімдердің ішінде білімділік пен қажырлықты қажет ететін экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің қызметіне анау-мынау маман шыдамдылық таныта бермейтіні рас. Мұндағы күнделікті есеп-қисабынан бөлек күрмеулі мәселелерді тарқату да жан-жақты дамуды талап етеді. Осындай қарбаласқан қызметті абыроймен ұзақ жыл атқару да екінің маңдайына жазыла бермейді.
Осы бөлімнің бас маманы Әбужүсіп Бакировті осындай абыройлы азамматтар қатарына қосуға болады. Ол 1960 жылы 25 тамызда Қосүйеңкі ауылында ұстаз отбасында өмірге келді. Орта мектептен соң 1984 жылы Алматы зоотехникалық- малдәрігерілік институтына оқуға түсті. Еңбек жолын Бірлік ауылындағы №3 фермада малдәрігерліктен бастаған ол еңбек ете жүріп халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінде эконо­ми­калық жоспарлау мамандығы бойынша білімін жетілдірді. Осы мамандықты меңгеріп шыққаннан кейін ел экономикасына еңбек ете бастады.
Тарқата айтқанда, 1996 жылы халық депу­таттары Жаңақорған аудандық атқару комитетінің жоспарлау комиссиясында экономист болды. Одан кейінгі жылдары аудан әкімшілігінің экономика және нарықтық қатынастар секторының бас маманы, әкім аппаратының ұйымдастыру бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы секілді маңызды істі атқарды. Жұмысына тиянақты әрі жауапкершілікпен қарайтын маманды 2004 жылы Өзгент ауылдық округінің әкімі лауа­зымына тағайындайды. Одан әрі аудандық ауыл­шаруашылығы бөлімінде бас маман, аудандық экономика және кіші кәсіпкелікті қолдау бөлімінде бас маман ретінде танылды. 2015 жылы аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі, 2016 жылдан бері қарай осы бөлімде бас маман болып қызмет атқаруда.
– Мемлекет қызметін атқару үнемі дамуды талап етеді. Әдептілік, іскерлік, жауапкершілік қағи­дасынан бөлек шыдамдылыққа үйрететін маман­дыққа көп жастар төзе бермейтіні де рас. Менің осы салада табандылық танытуымның басты себебі еліме, туған жеріме деген ерекше сүйіспеншіліктен болар деп топшылаймын. «Қызметім – ел үшін» деген адамға елдің алғысынан артық марапат жоқ, – дейді Әбужүсіп ағамыз.

Мақпал ПАТЕНОВА
22 маусым 2021 ж. 1 197 0